8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Сәуір 2026 603 0
Жасанды интеллект

БҚО-да «Tomorrow School» жобасының өңірлік кампусы ашылды

Батыс Қазақстан облысында жасанды интеллект және ІТ саласындағы жаңа білім беру мүмкіндігін ұсынатын «Tomorrow School» жобасының өңірлік кампусы ашылды.

Жаңа кампустың ашылу таныстырылымына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта қатысты. Аталған жоба өңір жастарына заманауи цифрлық дағдыларды меңгеріп, халықаралық деңгейдегі білім беру моделіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Tomorrow School – Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer форматындағы жасанды интеллект мектебі. Оқу бағдарламасы жобалық жұмысқа, өзара тәжірибе алмасуға және практикалық тапсырмалар арқылы білім алуға негізделген. Мұнда қатысушылар бағдарламалау негіздерінен бастап, жасанды интеллект және заманауи ІТ бағыттары бойынша қолданбалы дағдыларды меңгереді.

Жобаның басты ерекшелігі – оқу толықтай тегін және Қазақстан азаматтары үшін қолжетімді. Сонымен қатар бағдарламаға қатысу үшін ІТ саласында алдын ала тәжірибенің болуы міндетті емес.

Кампус тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді. Бұл білім алушыларға оқу кестесін өздері жоспарлап, білім алуды жұмыс немесе басқа оқу түрімен қатар алып жүруге мүмкіндік береді.

Жобаның технологиялық негізі – толық циклді арнайы цифрлық білім беру платформасы. Платформа оқуды басқару жүйесін, жобалық трекинг құралдарын, геймификация механикасын және жобаларды тексеруге бөлудің автоматтандырылған жүйесін қамтиды. GitLab-пен үндестірілген жүйе қатысушыларға кәсіби әзірлеу ортасында жұмыс істеуге, кодпен командалық жұмыс жүргізудің заманауи тәжірибелерін меңгеруге жағдай жасайды.

БҚО-да «Tomorrow School» өңірлік кампусының ашылуы жергілікті ІТ-экожүйені дамытуға, цифрлық экономикаға қажетті білікті мамандар даярлауға және өңірдегі талантты жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Әдемі БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
248 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
287 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
324 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
523 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»