Бірлікке бастар жол: бір шаңырақ астындағы ортақ құндылық
Тамыры терең тарихтан нәр алған елімізде татулық пен келісім – ең асыл құндылықтардың бірі. Жер жүзінің әр қиырынан келіп, бір шаңырақ астында табысқан халықтар бүгінде ортақ Отанын қадірлеп, болашағын бірге өріп келеді. Осы орайда біз әртүрлі ұлт өкілдерінің жүрекжарды тілектері мен ой-пікірлерін ұсынамыз.
Татьяна ШЕРСТЯНКИНА, «Мемлекеттік тіл– этносаралық қатынас тілі» жобасының төраға орынбасары:
– Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Кішкентай кезімнен қазақша тәрбиеленіп, Ақжайық ауданы Алмалы мектебін тәмамдап шықтым. Ұлағатты ұстаздарымның және анамның тәрбиесімен қазақ тілін жетік меңгеріп, бала кезімнен жарыстарға, сайыстарға қатысып, өз бағымды сынап, тәжірибе жинадым. Университет қабырғасында жүріп, волонтерлік және түрлі шараларды қатар алып жүріп, Ассамблея жастарының командасында бой көрсеттім. Әлі күнге дейін көптеген құнды шаралардың басын қайтарып, қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып келеміз. Ассамблея жастары құрамына қосылу – бірінші курста біз үшін, әрине, бір орындалмайтын арман сияқты көрінетін. Әрбір өзін көрсетемін деген жастар, көздері отқа толы жігіттер мен қыздарды көргенде, жігерлене түсесің.
Біздің қатарымыздағы әрбір жеткіншек, волонтер, студенттер өздерін ең жоғарғы дәрежелерде көрсетіп жүр. Сондықтан Ассамблея жастарының алар орны мен үшін әрдайым биік болмақ.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру