БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сұйытылған мұнай газы – халық үшін негізгі әрі қолжетімді мотор отыны түрлерінің бірі. Батыс Қазақстан облысында бұл ресурсқа деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты өңірде автогаз құю инфрақұрылымын дамыту және жеткізілім көлемін тұрақтандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Бұл туралы БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Қонысбаев мәлімдеді.
Қазіргі уақытта облыс аумағында 111 автогаз құю бекеті қызмет көрсетуде. Оның ішінде 52-сі Орал қаласында орналасса, қалған 59-ы аудандық жерлерде жұмыс істейді. Соңғы жылдары бұл инфрақұрылым кезең-кезеңімен дамып, кеңейіп келеді. Мысалы, 2023 жылы өңірде 99 автогаз құю станциясы болған болса, 2024 жылы олардың саны 109-ға дейін артқан.
Сонымен қатар тұтыну көлемі де айтарлықтай ұлғайып отыр. Мәселен, 2023 жылы облыста сұйытылған мұнай газының тұтынылуы 55 мың тоннаны құраса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 66 мың тоннаға жетіп, 20 пайызға өскен. Бұдан бөлек, газбен жүретін автокөліктер саны да 31,8 пайызға артып, 28 мыңнан астам бірлікке жеткен.
Мұрат Қонысбаевтың айтуынша, өңірде сұйытылған мұнай газының жүйелі тапшылығы күтілмейді. Жағдай тұрақты бақылауда. Қамтамасыз етуді тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар қабылданған. Атап айтқанда, 2026 жылдың ІІ тоқсанына жеткізу көлемі 13 204 тоннаға дейін ұлғайтылды. Орташа айлық лимит 3 500 тоннадан 4 600 тоннаға дейін көтерілді. Сондай-ақ жеткізушілермен және қайта өңдеу кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл күшейтілді.
Жеткізілім көлемін ұлғайтуға көшу ағымдағы жылдың мамыр айынан басталады.
Баға белгілеу бөлігінде мемлекеттік реттеу қолданылады. Қазіргі таңда сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасы литріне 85 теңгені, ал шалғай аудандар үшін 90 теңгені құрайды.
Жалпы облысымызда сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі ерекше назарда. Сұраныстың артуына байланысты инфрақұрылымды дамыту, жеткізілім көлемін көбейту және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Ә.Бақытжанқызы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру