Жәңгір хан университетіне ҚХР елшілігінің өкілдері келді
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне Қытай Халық Республикасының Ақтөбе қаласындағы елшілігінің өкілдері келді.
Шетелдік делегацияны университеттің басқарма төрағасы-ректордың орынбасары, оқу жұмыстары жөніндегі проректор Нұркен Губашев қабылдады. Бас елші Го Юй мен оның әріптестеріне ыстық ықыласын жеткізген проректор Нұркен Маратұлы университеттің Қытай мемлекетімен, соның ішінде қытайлық университеттермен әріптестік байланыста екенін атап өтті. Өз кезегінде ҚХР-ның Ақтөбе қаласындағы елшілігінің бас елшісі Го Юй Жәңгір хан университетін еліміздегі беделді әрі жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде танитынын айтты.
– Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде халықаралық байланыстар жоғары деңгейде дамығанын да жақсы білеміз. Осы ретте Қытай еліндегі ауыл шаруашылығы саласы мамандарын даярлайтын Ганьсу университеті де сіздермен бірлесе жұмыс жасауға ниетті. Біз сондай халықаралық әріптестікке дәнекер болып, екі ел арасындағы байланысты нығайта түскіміз келеді, – деді бас елші.
БҚАТУ-дың халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Замзагүл Сұлтанова қонақтарға университеттің бүгінгі тынысы, ғылыми әлеуеті, халықаралық байланыстары туралы айтып өтті. Соның ішінде Жәңгір хан университеті Қытайдағы Тарим университетімен, Солтүстік-батыс ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы университетімен, Қытай мұнай университетімен және Бейжің орман шаруашылығы университетімен әріптестік байланыста екенін мәлімдеді.
Кездесу барысында елшілік пен университет өкілдері екі ел арасындағы халықаралық қарым-қатынас, жоғары білім саласы бойынша екіжақты атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде әңгіме өрбітті. Жәңгір хан университетінің басшылығы Қытайдың ауыл шаруашылығы университетімен әріптестік байланыс орнатуға қызығушылық танытып, әсіресе ғылым бағыты бойынша ізденістерге ерекше мән беретіндерін жасырмады. Бас елші батысқазақстандық жоғары оқу орнының басшылығын Қытайда өтетін ректорлар мен проректорларға арналған семинарға қатысуға шақырды. Сонымен қатар университет студенттері мен оқытушыларына қытай тілін үйрету, университет базасында Конфуций институтын ашу туралы ұсыныс білдірді. Қос тарап тиімді ынтымақтастық орнату тетіктерін талқылап, алдағы уақытта да байланыста болуға уағдаласты.
БҚАТУ баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру
