8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Мамыр 2026 357 0
БІРЛІК

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – қоғамымыздың мызғымас құндылықтарын паш ететін, татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символына айналған қастерлі мейрам.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, ел бірлігі – біздің баға жетпес байлығымыз бен мемлекеттілігіміздің берік негізі. Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті мен дәстүрі өзара үндесіп, киелі Шаңырағымыздың астында бірегей өркениет қалыптастырды. Бүгінде біз тарихымыз, бүгініміз бен болашағымыз бір екенін терең ұғынатын біртұтас ұлтқа айналдық.

Ардақты ағайын!

«Ырыс алды – ынтымақ» деген бабалар өсиеті – бүгінгі Әділетті Қазақстанның басты ұстанымы. Біздің облысымыздың да әрбір жетістігі, әрбір табысы – сіздердің өзара сыйластықтарыңыз бен еселі еңбектеріңіздің жемісі.

Бірлігімізді нығайту, елдік мүдде жолында жұмылу – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы. Біз жасампаздық пен жауапкершілік, еңбекқорлық пен жанашырлық сияқты асыл қасиеттерді ту етіп, өңірімізді өркендету жолында биік белестерді бағындыра беретінімізге кәміл сенемін.

Осы шуақты мерекеде баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат және отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Бірлігіміз бекем, абыройымыз асқақ болсын!

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
251 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
291 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
327 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
525 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»