БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің «Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық I форумы аясында пленарлық отырыс өтті.
Ауқымды басқосу өңірдегі барлық ауылдық округ әкімдерінің басын қосып, тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және ауылды дамыту бағытындағы жаңа серіктестік тетіктерін айқындауға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ауылдың ел үшін стратегиялық маңызына ерекше тоқталып, ауыл әкімдеріне жүктелер жауапкершіліктің жоғары екенін атап өткен болатын. Мемлекет басшысы ауыл әкімін халықпен тікелей жұмыс істейтін, елдің тыныс-тіршілігіне етене араласатын жауапты мемлекеттік қызметші ретінде бағалап, бұл қызметтің айрықша маңызға ие екенін айтқан еді.
Облыс әкімдігінің бастамасымен және «AMANAT» партиясының қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылған бұл форум – ауылдық аумақтарды дамыту, елді мекендердегі басқару сапасын арттыру және жергілікті өзін-өзі басқару институтын жетілдіру бағытындағы маңызды қадам.
Пленарлық отырысқа Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай қатысты.
Жиын барысында аудан және ауылдық округ әкімдері өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық ахуал, ауыл инфрақұрылымын жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру және жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Сондай-ақ ауылдық аумақтарды кешенді дамыту, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және елді мекендердің әлеуетін арттыру мәселелері кеңінен сөз болды.
Шара соңында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жеке инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы саласын өркендету, еңбек өнімділігін арттыру және өңірдің экономикалық әлеуетін күшейту бағыттарында жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік ауылдық округтер мен әкімдер түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Бұл марапаттар – атқарылған жұмыстың нақты бағасы ғана емес, ауылдардың болашаққа нық қадам басып, дамудың жаңа кезеңіне бет алғанының айқын көрінісі.
Еңбектеріңіз еселеніп, ел игілігі жолындағы бастамаларыңыз жалғасын таба берсін!
Әдемі БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру




