Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: жүйелі жұмыс, нақты нәтижелер
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында кешенді және жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Негізгі басымдық – ашықтықты қамтамасыз ету, тәуекелдердің алдын алу және адалдық қағидаттарын нығайту арқылы қоғам сенімін арттыру.

Есептік кезеңде барлығы 22 іс-шара ұйымдастырылып, 1350 адам қамтылды. Олардың қатарында түсіндіру кездесулері, оқыту семинарларымен алдын алу шаралары бар. Бұл жұмыстар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және қызметтік әдеп нормаларын сақтау деңгейін күшейтуге бағытталды.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласы мен тұрғын үй кезегі бойынша мониторинг жүргізілді. Аталған бағыттар азаматтармен тікелей байланысты болғандықтан, олардың ашықтығы мен әділдігіне ерекше назар аударылды. Жүргізілген талдау нәтижесінде процестерді жетілдіру, артық әкімшілік кедергілерді азайту және ашықтықты күшейту бойынша нақты ұсынымдар әзірленді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен 2026 жылғы 24 ақпаннан бастап Сот сараптамалар орталығы институтында сыртқы талдау жүргізілуде. Бұл жұмыс ұйым қызметін тәуелсіз тұрғыда бағалауға және ықтимал тәуекелдерді жан-жақты зерделеуге мүмкіндік береді.
Сыртқы талдау аясында кадрлық саясат, қызметкерлерді іріктеу және қабылдау рәсімдері, кадр тұрақтылығы, еңбекақы төлеу, сыйақы беру, материалдық көмек көрсету тетіктері, сондай-ақ тәуекелдерге әсер ететін өзге де факторлар қарастырылуда. Бұл бағыттардағы ашықтық пен әділдік деңгейі ұйым жұмысының тиімділігіне тікелей әсеретеді.
Жүргізіліп жатқан барлық шаралар заңбұзушылықтарды анықтауға емес, олардың алдын алуға, жүйелі кемшіліктерді жоюға және процестерді жетілдіруге бағытталған. Мұндай тәсіл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ерте кезеңде анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасып, өзге де салалар бойынша мониторингтермен сыртқы талдаулар жүргізілетін болады. Қабылданған шаралар мен енгізілетін ұсынымдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетіп, ашық әрі тиімді жүйе қалыптастыруға негіз болады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
Соңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады

Кіру