Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
Батыс Қазақстан облысында полицейлер қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыруға қатысты заң талаптарын кеңінен түсіндіруде. Бұл мәселе соңғы уақытта өзекті тақырыпқа айналып, тұрғындар арасында түрлі сұрақтар туындатуда.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, енгізілген шектеулердің негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Мәселен, жол қозғалысы кезінде бетін бүркемелеген азаматтардың әрекеті қауіп тудыруы мүмкін. Жолдан өтіп бара жатқан адамның бет-жүзі анық көрінбесе, жүргізуші оның қимылын дер кезінде бағалай алмауы ықтимал. Сонымен қатар, құқық бұзушылық орын алған жағдайда мұндай азаматтарды бейнебақылау арқылы анықтау да қиынға соғады.
Осыған байланысты қоғамдық орындарда адамның жүзін толық немесе жартылай жасыратын, яғни тұлғаны тануға кедергі келтіретін кез келген киім элементтерін себепсіз киюге шектеу қойылады.
Бұл талап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-3-бабында нақты бекітілген. Аталған бапқа сәйкес, қоғамдық орындарда бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді кию – заң бұзушылық болып табылады. Бірінші рет анықталған жағдайда ескерту беріледі. Ал бір жыл ішінде қайталанса, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Сонымен қатар заңда бірқатар ерекшеліктер де қарастырылған. Яғни, бет жабуға келесі жағдайларда рұқсат етіледі: медициналық көрсеткіштер бойынша, ауа райының қолайсыздығында, қызметтік немесе еңбек міндеттерін атқару кезінде, азаматтық қорғаныс талаптарына байланысты, сондай-ақ спорттық және мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысқан кезде.
Полиция өкілдері бұл талаптардың қандай да бір діни көзқарасқа қарсы бағытталмағанын атап өтеді. Негізгі мақсат – қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кез келген құқық бұзушылықтың алдын алу.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру