Өңірлік инвестициялық штаб отырысы өтті
Аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен облыстық инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиынға облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, салалық басқармалар мен жергілікті және шетелдік компаниялардың басшылары қатысты. Аудан әкімдері селекторлық режимде байланысқа шықты. Аймақ басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту бағытында жүктеген тапсырмаларын жүйелі орындай отырып, экономикалық өсімді арттырудың маңызын атап өтті.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұржан Өтепбаевтың айтуынша былтыр негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 13,7% артып, 874,5 млрд теңгені құрады. Биылғы меже 1 трлн 51 млрд теңге деңгейінде белгіленген. 2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 135,4 млрд теңгеге жетіп, 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,3% өсім көрсетті. Мемлекет басшысының жеке инвестициялар көлемін арттыру туралы тапсырмасы шеңберінде 94,2% немесе 127 млрд теңгеге қол жеткізілді.
Жиында 11 серіктестік өкілі өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Инвесторлар инженерлік желілерді тарту, қаржыландыру тетіктері және жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгертуге қатысты мәселелерді көтерді. Нариман Төреғалиев әр кәсіпкердің уәжін мұқият тыңдап, оларды шешу бойынша жауапты құрылымдарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа және бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде жобаларды сүйемелдеу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Инвестициялық штаб отырысын қорытындылаған аймақ басшысы Орал қаласы мен барлық аудан әкімдері жоспарлы межеге қол жеткізу мақсатында жұмысты одан әрі ширату қажет деді. Одан бөлек инвестиция тарту үдерісін бақылауға бағытталған телеграм-бот ашуды тапсырды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру




