8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Ақпан 2020 1851 0
Қалалықтар қаперіне

ЕВРАЗИЯ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУ ЖӨНІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТЕДІ

Бүгін Орал қаласы әкімдігінде Орал қалалық ономастикалық нысандардың тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды зерделеу және пысықтау жөніндегі жұмыс тобының кеңейтілген отырысы болып, онда Оралдағы Евразия даңғылына ұлы Абайдың есімін беру ұсынылды.

Осы орайда Орал қалалық мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қантардағы №72-V Заңы, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы негізінде, Орал қаласының Евразия даңғылының атауын өзгерту бойынша көпшілік тыңдау өтетін хабарлайды.

Орал қаласының Евразия даңғылы атауын өзгерту мәселесі бойынша көпшілік тындау 24.02.2020 жылы сағат 11.00-де  Ассамблея үйінде өтеді.

Әкімшілік-аумақтық бірліктерге қайта атау беруге қатысты ұсыныс-пікірлеріңізбен Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне хабарласуға болады. Байланыс телефоны: 87112-50-79-43.

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
131 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
189 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
253 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
285 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
328 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»