Әділет жолындағы асыл ғұмыр
🥀 Қашанда әділеттің ақ Туын биік ұстаған атпал азамат, елімізге танымал судья ТЕМІРЖАН НҰҒМАНОВ егер, Ақ Жайығында аман жүрсе, 13 маусым күні зейнет жасына толар еді. Сұм ажал «бейнеттің зейнетін көруді» бұйыртпапты. Әр жыл сайын Нұғмановтар отбасы, отанасы Айгүл Әділгерейқызы асқар таудай әкені, өнегелі отағаны сағынышпен еске алады. «Жайық Үнінің» бүгінгі санындағы етжеңді мақала марқұм ТЕМІРХАН НҰРТАЗАұлының әруағына арналады. 🙏
Ата Заңымызда айтылғандай, биліктің бір тармағы саналатын сот жүйесі – елімізде адам құқығы мен бостандығы сақталуының, қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың қамтамасыз етілуінің бірден-бір кепілі. Сондай кепілдік пен әділеттілік болғанда ғана қоғам дамып, өркендейді. Осынау күрмеуі көп салаға 25 жылдан астам уақытын арнаған, жемісті еңбек еткен жанның бірі – Нұғманов Теміржан Нұртазаұлы. Абыройлы қызмет еткен тұлғаның бүгінде көзі тірі болса, зейнет жасына табан тірер шағы еді… «Әттең, осы бір күнге жете алмай кетті. Тағдырдың ісіне не шара?» деп еске алады жыл өткен сайын сағынышы үдей түскен зайыбы Айгүл Әділгерейқызы көз жасына ерік беріп…
Қазақстан Республикасы Судьялар Одағыныңжоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Үш би»құрмет белгісімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20жыл» медалімен, ҚР Жоғарғы сотының, ҚР СудьяларОдағының «Құрмет грамоталарымен» марапатталған, Қазақстан Республикасы СудьяларОдағының Батыс Қазақстан облыстық филиалынбасқарған, 2005 жылдың үздік судьясы атанған, облыстағы алқа билердің қатысуымен өткен алғашқы процестерді ұйымдастырған Теміржан Нұртазаұлының кір шалмаған азаматтық сұлбасы әлі күнге дейін көз алдымызда. Бүгінде ел азаматын есіне алатын, еске салатын тілекшілері, әріптестері, жора-жолдастары Ақ Жайық өңірінде, жалпы республикада өте көп. 2024 жылы Теміржан Нұртазаұлының Құдай қосқан қосағы, қос ұлының асыл анасы, шаңырағының шырағы Айгүл Мыңбаеваның ықпалымен, қолдауымен және Нұрлан Сәдірдің авторлығымен замандастарының естеліктері, мақалалары, мұрағат құжаттары мен фотосуреттері жинастырылған «Ақ жолданайнымай» атты кітап жарық көрген еді. Кітапты оқи отырып, оның өз ісінің шебері болып қана қоймай, өмірде, қоғамда жасаған жақсылығы мен бастамалары бес елі екеніне тағы да көз жеткіздік.
«Жақсылықтар жағында жүруге бағыт алып өсті…»
Теміржан Нұғманов 1962 жылы 13 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Саралжын ауылында дүниеге келген. 1979 – 81 жылдар аралығында Көктерек совхозында аға шопанның көмекшісі болып еңбек еткен. 1981- 83 жылдары Совет Армиясы қатарында болған. 1983-88 жылдары Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің студенті болып, заңгер мамандығы бойынша білім алады. Оқуды бітірген соң бір жыл Ресей Федерациясы, Краснояр өлкесіндегі Большая мурта ауданы прокурордың көмекшісі болып қызмет етеді. 1989-92 жылдары Фурманов аудандық прокуратурасының тергеушісі болады. 1996-1998 жылдары Жалпақтал аудандық сотының төрағасы болып еңбек етеді. 1998-2010 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы болады. Батыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы болып 2010-2012 жылдары қызмет жасайды. Кейін өмірінің соңғы жылында Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа судьясыболады. 2013 жылы 2 желтоқсанда кенеттен келген жол апатынан қайтыс болды.
Оның тұлға болып қалыптасуына ата-анасы, өскен ортасы себепші еді. Кітаптың басында Нұрлан Сәдір: «Теміржан – шалғайдағы ауылдағықарапайым адамдар – малшылар отбасында туған ұл.Сол кездегі малшылардың көбінің дәреже-деңгейі өз замандастарының біразынан көш ілгері болды деп ойлаймын. Олардың арасында кітапқұмар, газет-журналды үзбей алдырып оқитын, әдебиет білгірлері көп болды» дейді. Және Теміржан НұртазаұлыныңГүлжан Абайқызына берген телесұхбатында тілшінің«Гүлжан Абайқызы: Жалпақталдың сары даласындасағым қуған балалығы өтті, арман қуған албырттығы қалды. Сол бала жастан-ақ айналасындағы адалдық,адамдықты сөз еткендердің аузына қарап, әділ пікірі бар адамдардың әңгімесіне ұйып, осы тәлімнен сауаты кенеуімен жақсылықтар жағында жүругебағыт алып өсті. Әкеден алған өнеге, ана сүтімендарыған тәрбие шаңырақтағы тоғыз ұл мен қызды өмірдің ақ жолынан адастырмады» деген сөзін: «Бұл– біріншіден, сол ұшқан ұя ғой; әкеміздің, анамыздың адал еңбектері, еліне жеріне дегенкөзқарастары, әрине, өсіріп-өндірген балаларынадеген сүйіспеншілігі, ананың ақ сүтімен дарығантәрбиесі, негізінен себеп – осы» деп жалғайды» деп көрсетеді автор.
Алқа билер сотын дамытқан
Мамандығы мұғалім болмаса да, табиғаты тәлімгер болған жанға ақыл-кеңес сұрап келетіндер қатары көп болған. Мәселен, кітапта Орал қалалықсотының төрағасы Руслан Жұмағұловтың мына бір пікірі соның дәлелі: «Зеленов ауданының прокурорының орынбасары болып қызмет еткен кезімде, судья болып жұмыс жасайтын Теміржанағаға ақыл-кеңес сұрап жүгініп жүрдім. Сонда ол әр айтқанын уәжбен дәлелдеп айтып беретін еді. Және осы ақыл-кеңестерін ескеріп шығарған шешімдерімізешбір инстанцияда, соның ішінде Жоғары Сотта да бұзылып, өзгеріп көрген емес». Ал әскердегі служактары «Теміржан адамдарға ықыласпен көмектесті», «осы жақсылығы есімнен кетпейді», «қағылез, еті тірі, тіл табысқыш еді» деп естеліктерін қалдырған. Онымен өмірдің ең тәтті кезі – студенттік шақты бөліскен курстастары да Теміржан Нұртазаұлының ұқыпты студент болғанын, оқуға, жатақхана тәртібіне белсене араласқанын сөз етеді. КазГУ-де қатар оқыған курстасы, ҚазақстанРеспубликасының Жоғары Сот Кеңесі Аппараты басшысының орынбасары Лаура Серікқызы естелігінде: «Қазақы, қамқор, Теміржан қазақбилерін – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерге мән беріп, әл-қадірінше зерттеді. Ол кезде қазіргідейемес ешкімнің билермен шаруасы жоқ еді,әдебиетшілер болмаса, заңгерлер би тақырыбына қызықпайтын. Ал Теміржан баяғыда-ақ «осындай би болсақ, әділ болсақ» деп айтып жүрді! Біздің облыста алқа билердің қатысуымен қаралған тұңғыш іске Теміржан төрағалық етті, өйткені одан басқа адамға сене алмады…» дейді. Бұл әділ судья болу ғана емес, ата тарихымызды жаңғырту, бұрынғы билер сотын қазіргі заманға сай қолданысқа енгізу жолындағы жаңашылдығы мен батылдығы деп білеміз.
Шешіміне ешкім шағымданып көрмеген
Теміржан Нұртазаұлының әріптестері де ол туралы оң пікірде. Сыйлас інісі, әріптесі Мади Мырзагараев өз сөзінде: «Әбден бүге-шегесіне дейінзерттеп барып шығаратындықтан, бұл кісінің шешімібұзылмайды. Біз адвокатпыз ғой, судьяның шешіміне көңіліміз толмаса, оның іс-әрекетінен қандай да біркемшілік көріп қалсақ, мына жерді дұрыс істегенжоқ, мына мәселеге назар аударған жоқ, мынажерден мынандай ағаттық жіберді депшағымданамыз. Темақаңның шешіміне шағымданыпкөргеніміз жоқ.
Жалпы, сотта бәрінің соның ішінде деадвокаттың да, сотталып жатқан адамның да қандай кінәсі барын, қаншалықты кінәсі бар екенін іші біліптұрады» деген пікірін ортаға салған.
«Айгүлін алақанына салып еркелетті…»
Сот төрелігін әділдіктің биік өлшемімен өлшеп, қазылық қызметке адал болған Теміржан Нұртазаұлының заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында ерен еңбек етуіне аяулы жары Айгүл Әділгерейқызының да қолдауы мен көмегі молболды. Ол жолдасының отбасында дәстүрді дәріптеген, бала-шағаға көңілі мен уақытын аямаған, туыстық қарым-қатынасты қадірлеген әке бола білгенін бүгінде терең сағынышпен еске алады. – Олкезде арнайы «Судьялар күні» деген болған жоқ.Сондықтан, 30 тамыз – Конституция күнін міндеттітүрде атап өтеміз. Саябаққа барамыз. Отбасымызбендемаламыз. Бұл – біздің отбасылық дәстүр болды.Бәрімізді алып шығып, отбасымен естелік суреткетүсетін едік. Теміржанның тағы бір әдеті менің туғанкүндерімді қалт жіберген емес. Оралға келген кезде 35-ке толдым, оны да, одан кейінгі 40, 45, 50 жасымды да есте қаларлықтай етіп атап өтті. Айта қалсын дегендей, осы мерейтойлардың бәрін өзі жасады. Өзінің туған күнін жасаған жоқ, ал меніалақанына салып, қатты еркелетті» дейді Айгүл Мыңбаева ханым өз естелігінде.
Өз ісімен ғана емес, адами қасиетімен де халықтың жүрегінен орын алған, әділдікті, дұрыстықты сүйген, шындықты жаны қалаған, түзу жолмен жүрген Теміржан Нұртазаұлының артында өшпес із, өнегелі өмір жолы қалды. Замандастары мен әріптестері, заң саласындағы дүйім шәкірттері, сол секілді жанұя мүшелері әр жылдың 12-маусымы күні марқұм Теміржан ағаның рухына Құран бағыштап, шелпегін пісіріп, салт-дәстүрмен қазанын көтеріп, асын беріп, қара шаңыраққа ағайын-туысты жинап отырады. Жақсы адамның өнегелі ісін еске алады. Тұлғалық биігі жыл өткен сайын құрметпен дәріптеледі. Біздің айтпағымыз, беделді, елге сыйлы судья қызметін абыроймен атқарып, халықтың ақ батасына бөленген Теміржан Нұрғманов жайлы «Ақ жолдан айнымай» атты кітабында баяндалған өмір жолы – қазіргі жас ұрпаққа үлгі, қоғамға адал қызмет етудің нақты мысалы.
«Ер есімі-ел есінде» демекші, қайда да темірдей тәртіпті қалаған, еліміздің дамуына зор үлес қосқан, қиындығы көп қызметті еңсерген ардақты азаматтың жарқын бейнесі Жайық жұртының жүрегінде, халқының көз алдында ұзақ уақыт сақталады.
Дәметкен САҒЫНБАЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледі

Жәнібек аудандық сотында 11 жыл бұрынғы өлім фактісін анықтау туралы азаматтық іс қаралды

Оралда жол апаты: үш көлік соқтығысып, жаяу жүргінші жолы тағы да қауіпке айналды!

Тоқаев Қытай үкіметіне 1500 ақбөкен сыйға тарту туралы шешімін жариялады

Батыс Қазақстан облысында энергетикалық әлеуетін арттыру жұмыстары жалғасуда
