ДӘРІГЕР С.СҮНДЕТОВА БАЛА КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТӨЛЕНЕТІН ЖӘРДЕМАҚЫНЫ ҮШ ЖЫЛҒА ҰЗАРТУ ҚАЖЕТІН АЙТТЫ
Дәрігер мамандығын таңдап «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен облыс орталығынан шалғай ауылдарының біріне жұмысқа барған Сәбира Сүндетова дамуында ақауы бар балалардың жайына алаңдайтынын айтады. Сондай-ақ ауыл медицинасы мен қала медицинасы арасындағы алшақтықты азайту үшін облыс орталығынан шалғай жатқан ауылдарға медициналық көмекті барынша жетілдіру туралы ұсыныстарын 17 қарашада «Nur Otan» партиясы БҚО филиалының кезектен тыс XXVI конференциясында бөлісті.

Бүгінгі күні Тайпақ ауылдық ауруханасының меңгерушісі қызметін атқаратын Сәбира Сүндетованың мамандығы – педиатор, қосымша профпатолог.
«Тәжірибемде кездескен бір оқиғамен бөліскім келеді. Жас маман болып ауылға келген кезде мүгедек баланы қарадым. Сегіз айлық болатын. Титімдей ғана жүрегінде бес даму ақауы бар. Тез арады осы баланы Ұлттық кардио-хирургиялық орталыққа жеткізіп, алты этапты отадан өткіздік. 700-1000 граммдық сәбилердің дүниеге келуіне 1 пайыз болса да себебім тигеніне шын жүректен қуанамын. Мен мұндай балалардың өміріне бейжай қарай алмаймын. Мұндай мысалдар ауылдық жерлерде жеткілікті. Сондықтан да менің басты мақсатым – салауатты өмір салтын насихаттай отырып, әр тұрғынның өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру, сапалы өмір сүру деңгейін жақсарту, денсаулық сақтау мен білім беру саласында үздік әлеуметтік стандарттарға қол жеткізу, аудан, облыс орталығынан шалғай жатқан ауылдарға медициналық көмекті барынша жетілдіру. Шешілмес сұраққа айналған кадр мәселесін оңтайландыру. Бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны үш жылға дейін ұзартуды ұсынамын. Себебі демографияның басым бөлігі ауылдан шыққандықтан, ана мен баланың денсаулығына назар аудару қажет. Қоғамда болып жатқан өткір мәселелерді ескере отырып, «қала медицинасы», ауыл медицинасы» деген алшақтықты барынша азайту. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың әлеуметтік мәселелерін шешу – басты назарда. Шалғай ауылдарда мүгедектерге психологиялық, коррекциялық, логопедтік орталықтар қолжетімсіз болғандықтықтан инклюзивтік білім беру үшін барлық жағдай жасалуы қажет», – дейді Сәбира Өмірғалиқызы.
Сондай-ақ жас мамандардың ауылдық ерлерде тұрақтануы үшін үй мәселесі, жоғары жалақымен қоса біліктілігін шыңдау, жастар бастамаларын барынша қолдай отырып, олардың тегін оқып, мамандық алуына ықпал етілуін айтты. Тек қана медицина саласы емес, еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелері, атап айтсақ, елдімекендерге интернет жүйесін орнату, таза ауыз су мәселесін шешу, отандық өнім шығаратын жаңа кәсіпорындар ашуға ықпал ету, ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсету назарда.
Айта кетейік, 17 қарашада «Nur Otan» партиясы БҚО филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы өтіп, ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттығына үміткерлер анықталды. Дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинаған үш кандидат конференция шешімімен ҚР Парламенті Мәжілісінің өңірлік квотасына сәйкес партиялық тізімге енгізу үшін съезге ұсынылды. Конференция депутаттарының дауыс беруі қорытындысымен 120 дауыс жинаған Мәлік Құлшар, 116 дауыспен Жаңабек Жақсығалиев, 109 дауыспен Сәбира Сүндетова үздік үштікке ілікті.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу