8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2022 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қаңтар 2022 1077 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА ҚАТАҢ КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛДІ

ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 13 қаңтардағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысында бір тәулікте 186 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып, 14 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сай өңір «Қызыл аймаққа» енді. Осыған сәйкес, бүгін, 14 қаңтар күні БҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев    №1 «Батыс Қазақстан облысы аумағында қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы» қаулыға қол қойды. 

Қаулы мәтіні  төмендегідей:

«Батыс Қазақстан облысы аумағында қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы»
Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі – БҚО) тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 5-тармағын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 38-бабы 1тармағының 4), 7) тармақшаларын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабы 2,3,4,7 тармақтарын, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65-бабын, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысын, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы, 2022 жылғы 12 қаңтардағы хаттамаларын, 2021 жылғы 24 желтоқсандағы және 2022 жылғы 13 қаңтардағы БҚО жедел штабы шешімін басшылыққа ала отырып және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Батыс Қазақстан облысы аумағында қатаң карантиндік шектеу шаралары енгізілсін.

2. БҚО Орал қаласы мен аудан әкімдері, мемлекеттік органдар және кәсіпорындар, құқық қорғау және арнайы органдар, мекеме басшылары, БҚО Кәсіпкерлер палатасы, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілері:

1) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің (бұдан әрі – ҚР БМСД) 10.09.2021ж №42 және ҚР БМСД 13.01.2022ж. №1 қаулыларына сәйкес, қызыл аймақ бойынша Батыс Қазақстан облысының әлеуметтікэкономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды қамтамасыз етсін;

2) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейінгі еске алу шараларын жүргізуді қоспағанда, ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, естелік ісшараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т. б.) және ашық ауада да, үй-жайлардың ішінде де адамдар көп жиналатын өзге де ісшараларды өткізуге және оларға қатысуға тыйым салу;

3) «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан төмендегілердің жұмысына тыйым салу: – концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, филармониялардың қызметі; – діни бірлестіктер объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) ұжымдық іс-шаралар (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізу; – конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар; – түнгі клубтардың қызметі; – қоғамдық тамақтану объектілерінде барда қызмет көрсету, ән айту және би бойынша қызметтер көрсетумен караоке қызметі (қоғамдық тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда);

4) Шектеу: – қоғамдық тамақтану объектілерінде бір үстелге келушілер саны 4 адамға дейін (әртүрлі үй шаруашылықтарынан). – кинотеатрлардың («Ashyq» жобасына қатысушы) толымдылығын 30%-дан асырмай;

5) 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану, сондай-ақ жеке және әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы 5 (бес) адамнан аспайтын топтық спортпен шұғылданумен айналысу жағдайларын қоспағанда, ашық ауада және қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді тағу міндетті болып табылады;

6) оқушыларды оқытуға рұқсат беру: – облыс және аудан орталықтарындағы мектептерде 600 оқушыға дейін – оқытудың штаттық режимі; – 600-ден астам оқушысы бар мектепте – қашықтан оқыту форматы, ауыл мектептері – оқытудың штаттық форматы; – 1-2 сыныптар оқытудың штаттық форматы және 3-5 сыныптар – кезекші сыныптар (қашықтан оқыту форматы бар жерлерде);

– колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін оқыту – аралас оқыту форматы: барлық дәрістер онлайн, икемді кесте бойынша: тәжірибелік, зертханалық, семинарлық сабақтар штаттық режимде. Толық вакцинация курсын аяқтаған оқушылар мен студенттерді оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша штаттық режимде оқытуға жол беріледі. – қосымша білім беру ұйымдарында оқыту – жеке сабақтар штаттық режимде, топтық сабақтар – 10 адамға дейін, балалар/ересектер үшін түзету орталықтарында – штаттық режимде 10 адамға дейін жеке және топтық сабақтар.

7) Тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерін қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланғанына қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 70%-ын қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру.

8) COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлерді (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмысқа жіберуді шектеу. Вакцинацияланбаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) (7 күнде 1 рет) міндетті ПТР-тестілеу.

9) Сауда және ойын-сауық үйлері, сауда орталықтары, халыққа қызмет көрсету орталықтары, спорттық-сауықтыру орталықтары, фитнес-орталық, йога-орталықтар, моншалар, сауналар, бассейндер үшін күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын, жұмыс және демалыс күндерінде штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, қызметкерлер мен келушілерді қауіпсіз «жасыл» мәртебемен (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдар) кіргізу. Шектеу шараларының режимі мен уақыты облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

3. Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы:

– ҚР БМСД 13.01.2022ж. №1 қаулысының талаптарына сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдерді қарау және қатысушылардың тізімін әкімдікке жіберу; – жобаға қатысушылар арасында бұзушылықтардың алдын алуды жүргізу;

– кәсіпкерлік субъектілері арасында «Ashyq» қосымшасын қолдану, енгізу және пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу.

4. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері:

– ҚР БМСД 13.01.2022ж. №1 Қаулысының талаптарына сәйкес, «Ashyq» жобасына енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.

5. Қоғамдық көліктің жұмыс кестесі:

Қоғамдық көліктер ҚР БМСД 02.09.2021ж. №38 Қаулысы талаптарын сақтай отырып жұмыс жасайды (қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада салонды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, тері антисептигі бар санитайзерлерді қолжетімді орындарға орнату, отыратын орындар саны бойынша толтыру).

6. Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары:

– респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, 103 нөмірі арқылы жедел медициналық көмекті шақырып, үйден медициналық көмекке жүгіну;

– 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен кетпеуге кеңес беріледі;

– жерлеу шараларын өткізген кезде кемінде 2 (екі) метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 20-дан (отбасы мүшелері, жақын туыстар) көп адамның жиналуына жол бермеу.

– ҚР БМСД 13.01.2022ж. №1 Қаулысына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, ҚР БМСД 10.09.2021ж. №42 Қаулысына сай қызметі қайта басталмаған объектілерге баруға тыйым салу.

7. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының және аудандарының әкімдері:

– жоғарыда көрсетілген шектеу шараларын сақтауды;

– ҚР БМСД 13.01.2022ж. №1 Қаулысына сай, кәсіпкерлік нысандарда «Ashyq» жобасын енгізуді;

– ҚР БМСД 10.09.2021ж. №42 Қаулысымен белгіленген тәртіппен әзірлікті бағалау Актісін алғаннан кейін нысандардың қызметін қайта бастауды;

– қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін әзірлікті бағалау Актісін нысанға кіре берісте көрінетін жерге орналастыруды; -шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін халықты, жеке және заңды тұлғаларды InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы хабардар ету;

-кәсіпкерлер дер кезінде бұзушылықтарды жою үшін шара қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz сайтын пайдалануды;

-шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды;

-InfoKazakhstan.kz сайтында нысанның паспортына үй-жайлардың келушілермен жоспарлы толтырылуы туралы мәліметтерді (ҚР БМСД 02.09.2021ж. №38 қаулысына қосымшаларда айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі) кәсіпкерлік субъектінің енгізуін бақылауды;

-Қазақстан Республикасы және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын сақтау бойынша объектілерде күндізгі және түнгі уақытта мониторинг жүргізу жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді қамтамасыз етсін.

8. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін:

-персоналды, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен (бетперделермен, қолғаптармен) қамтамасыз ету; -үй-жайлардың, ғимараттардың кіретін және шығатын жерлеріне санитайзерлер орнату; -келушілерді, клиенттерді үй-жайларға бетпердесіз кіргізбеу;

-үй-жайлардың ішінде және сыртында адамдар арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау, белгілердің болуын қамтамасыз ету;

-үй-жайларды үнемі ылғалды жинау, дезинфекциялау және үй-жайларды желдету; -келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық нысандардың кіре берісінде қол тепловизоры арқылы қашықтан байланыссыз термометрия жүргізу;

-жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (төлем карталары, телефондағы қосымша) үшін барынша жағдай жасау.

9. Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары:

-Қазақстан Республикасы және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды;

– ҚР БМСД 13.01.2022ж. №1 Қаулысына сай «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылау:

– «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға және шектеу және карантин шараларын бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдауды;

– COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмониямен (U07.2) ауыратын науқасқа сұрау жүргізуді;

-тәуекел тобындағы (жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары, қант диабеті, метаболикалық синдром, бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер) адамдар жоқ симптомсыз вирус тасымалдаушылардың ошақтарын қоспағанда, эпидемиологиялық тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тексеруді қамтамасыз етсін. COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тексеруді мынадай басымдықта жүргізу керек:

симптомдары бар COVID-19 жағдайларының ошақтары;

симптомсыз ағымы бар COVID-19 жағдайларының ошақтары;

басқа ошақтар. Пациент туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Вебқосымшасына енгізіледі;

-инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;

-халықты COVID-19 таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар жөнінде хабардар етуді; -COVID-19 (U07.1) алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттықтүсіндіру жұмыстарын күшейтуді; -санитариялық-карантиндік талаптардың шарттарын сақтамағаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдауды;

-медициналық ақпараттық жүйе арқылы медициналық ұйымдардың байланыста болған адамдарға қашықтықтан мониторинг жүргізуін бақылауды қамтамасыз етсін.

10. Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ -47 бұйрығын, Қазақстан Республикасы және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды қамтамасыз етсін.

11. Медициналық ұйымдардың басшылары меншік түріне қарамастан:

– COVID-19-бен ауыратын науқастарға және олармен байланыста болған адамдарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ -47 бұйрығына сәйкес, COVID-19-бен ауыратын науқастардың, COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдардың үйде оқшаулауды сақтау шарттарын міндетті түрде орындауы туралы қолхатын тапсыра отырып, үйде оқшаулауды сақтау қажеттілігі туралы хабарлау жүзеге асырылсын.

12. Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне:

-шектеу шараларын сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастыру, жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда дереу материалдарды аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберу;

-асимптоматикалық ағымы бар адамдардың (тасымалдаушылар) және расталған COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмония (U07.2) жағдайымен жақын байланыс ретінде анықталған адамдардың үй карантині шарттарын сақтауын бақылауға жәрдемдесу;

– COVID-19 жағдайымен байланыста болған адамдарды карантиндеу және ауруханаға жатқызу орындарын күзету.

13. Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы, аудандар мен Орал қаласының әкімдері:

-бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қабылданған шектеу шаралары туралы халықты хабардар ету;

– қабылданған шектеу шаралары туралы халыққа жаднамалар, оның ішінде сақтық шараларын сақтау туралы, шектеу іс-шаралары кезеңінде көшелерде жүру қағидаларын, шұғыл және авариялық қызметтердің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеу;

– ауру ошақтарын оқшаулау және аурудың облыс тұрғындары арасында таралу қаупін азайту бойынша қабылданып жатырған шаралар туралы ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау;

– облыста жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілерге кіру үшін App Store және Play Market-те жүктеуге қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажеттігі туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді қамтамасыз ету.

14. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті.

15. Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің: -2021 жылғы 27 желтоқсандағы №22 «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы» Қаулысының күші жойылды деп танылсын.

16. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

17. Осы қаулы 2022 жылдың 17 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері  М.К.Арыспаев

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Без рубрики
Оқыс оқиға! Екі қолынан айырылды
25 Мамыр 2022
55 0
Без рубрики
Qoldau-24/7 – МӘМС жүйесіндегі көмекшіңіз
25 Мамыр 2022
65 0
Без рубрики
Шаһар басшысы ардагерлермен кездесті
25 Мамыр 2022
64 0
Медицина
Рак яичника: что это такое?
23 Мамыр 2022
180 0
Без рубрики
Көлік астына түскен сәби аман қалды
23 Мамыр 2022
146 0
Без рубрики
Дарынды оқушылармен кездесті
23 Мамыр 2022
177 0
Без рубрики
Референдум өзіміз үшін керек!
20 Мамыр 2022
285 0
Без рубрики
Түрмеге телефонмен…
19 Мамыр 2022
336 0
Без рубрики
Балалардың қауіпсіздігін сақтайық!
19 Мамыр 2022
345 0
Без рубрики
Сәбилерімізді сақтайықшы?!
18 Мамыр 2022
379 0
Қоғам
«ОТБАСЫ – ӨМІР АЯСЫ»
17 Мамыр 2022
468 0
Без рубрики
Мәншүкті ұлықтады
17 Мамыр 2022
461 0
Без рубрики
Жас құтқарушылар жеңіске жетті
17 Мамыр 2022
555 0
Без рубрики
Исполняя поручения Президента
16 Мамыр 2022
590 0
Без рубрики
БҚАТУ – да бас қосты
16 Мамыр 2022
594 0
Қоғам
Саусақ ұшындағы әлем
13 Мамыр 2022
670 0
Дені сау ұлт
МӘМС ЕСЕБІНЕН ЭКО-ДАН ҚАЛАЙ ӨТУ КЕРЕК?
13 Мамыр 2022
663 0
Мәслихат жаршысы
Мәжіліс депутатымен кездесті
13 Мамыр 2022
634 0
Қалалықтар қаперіне
Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
13 Мамыр 2022
648 0
Өзек
11 Мамыр 2022
1122 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»