АЛТЫН ЖҮРЕКТІ АНА
Иә, Луара Батырғалиеваны Жайық жұрты алтын жүректі ана ретінде таниды. 2013 жылы үш баланы, 2016 жылы тағы үш жасөспірімді патронаттық тәрбиеге алған ол өткен жылы ғана тағы бір көкөрімді қанатының астына алды. Иә, ол өзгенің баласын жат көрмей, әр түрлі отбасыдан шыққан жеті өренді бауырына басып, жүрегінің жылуын төгіп, отбасының құндылығын сездіріп отырған кеңпейіл жан. Балаларды қорғау күні қарсаңында патронат анамен тілдесіп, балалардың қазіргі жай-күйін білудің сәті түсті.

Тағдырдың сан қилы сынағымен ата-анасыз қалып, бейімдеу орталығына немесе балалар үйіне түсіп, көңілдері түскен балғындардың жарым көңілдерін қайтадан қуанышқа бөлеп, мейірім нұрын төгіп, жылулық сыйлап отырған Луара ханымды қалай мақтасақ та жарасады. Қазір ол аяулы ана ғана емес, сүйікті әже атанып отыр.
Расында өзгенің баласына ана болу – екінің бірі бара бермейтін ерлік. Луараның бойындағы осы қасиетті оятқан, жәудіреген жетімдердің жұбанышы, қамқоршысы болуына ықпал еткен туыс әпкесі Роза Ақмамбетова еді. Апалы-сіңлілер қолына алған алғашқы қыздар – Дана мен Әйгерім және солармен бірге бейімдеу орталығында болған Диана есімді төрт жасар бүлдіршін.
2016 жылы апалы-сіңлілі Роза мен Луара тағы да үш баланы құшағына алды. Олар – Әсел, Камила, Ринат есімді ағайындылар болатын. Ал өткен жылдың желтоқсанында патронаттыққа алынған ұл-қыздардың қатарына Данияр есімді жеткіншек қосылды.
Осылайша, Роза мен Луара жеті жылдың ішінде жеті баланы шаңырақтарына қабылдап, балғындарды бауырларына алған үлкен отбасыға айналды…
Эльмира НҰҒМАНОВА
Толығырақ «Жайық үні» газетінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №20 санынан оқи аласыздар.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу