ЭКСТРЕМИСТІК МАТЕРИАЛДАР ЖАРИЯЛАҒАН ЖЕТІ АДАМҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
2019 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша діни қарым-қатынастар саласында 16 заңбұзушылық фактілері тіркелген. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәжілісінде айтылды.

Заңбұзушылықтардың төртеуін Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы анықтаған. 12 іс БҚО полиция департаменті тарапынан қозғалған. Биылдың өзінде полиция департаменті 2 әкімшілік құқық бұзушылық істі анықтап үлгерді.

– «Інжілдік-мәсіхші баптистері Одағына» тіркеусіз миссионерлік қызметті жүргізіп отырғандары үшін үш мәрте және діни әдебиетті рұқсатсыз таратқандары үшін бір рет әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ ҚР аумағында тыйым салынған экстремистік материалдарды өз әлеуметтік парақшаларында орналастырғаны үшін 7 жеке тұлғаға айыппұл салынды, – дейді БҚО дін істері басқармасының бас маманы Жәнібек Мұқателов.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 453-бабы 2-тармағында көрсетілгендей, ҚР аумағында тыйым салынған экстремистік материалдарды жариялаған жеке тұлғаға 20, лауазымды 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Басқарма өкілі бұл бағытта қоғамда түсінік жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желілер бақылауға алынғанын жеткізді.
Эльмира НҰҒМАНОВА
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу