8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қазан 2019 24762 0
Мәслихат жаршысы

4500 ЖАСЫЛ КӨШЕТ ЕГІЛДІ

          Өткен сенбіде санитарлық тазалық және абаттандыру айлығы аясында қалада ағаш отырғызу акциясы өтті. Жалпы есеппен қала аумағына ива, акация, мамыргүл, терек, каштан, катальпа, пирамидальды терек сияқты 4500-ден астам жасыл көшеттер отырғызылды.

 

          Қоршаған ортаны көгалдандыруды басты мақсат еткен шара тұрғындар тарапынан үлкен қолдау тапты. Көгалдандыру ісіне білім ордаларының ұстаздары, балабақша қызметкерлері, студент жастар, жеке кәсіпкерлер, кәсіпорын қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер мен ардагерлер қатысты. Шараға меншік түріне қарамастан, 652 ұйым мен мекеме жұмылдырылды. Көшет отырғызу жұмыстары Тұңғыш Президент алаңы, Қазыбек би көшесінен Төле би көшесіне дейінгі Әйтеке би көшесі, Ет комбинаты ауданындағы тынымбақ,  №48 ЖОББМ ТЖЖ – 1 шағынауданы, Урдинская көшесінен КазТрубПром ғимаратына дейінгі Жамбыл көшесі, Әбілқайыр хан даңғылы, Әскери-техникалық мектебінің алды, Назарбаев даңғылынан Самар көшесіне дейінгі Сарайшық көшесі мекенжайларында ұйымдастырылды.
Сондай-ақ сенбілік барысында қала көшелері, саябақтар мен аула іші қоқыстан тазартылып, сынған ағаш бұталары мен қураған жапырақтар шығарылды.

Өз тілшіміз

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
52 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
143 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
198 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
261 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
294 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
339 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»