4500 ЖАСЫЛ КӨШЕТ ЕГІЛДІ
Өткен сенбіде санитарлық тазалық және абаттандыру айлығы аясында қалада ағаш отырғызу акциясы өтті. Жалпы есеппен қала аумағына ива, акация, мамыргүл, терек, каштан, катальпа, пирамидальды терек сияқты 4500-ден астам жасыл көшеттер отырғызылды.
Қоршаған ортаны көгалдандыруды басты мақсат еткен шара тұрғындар тарапынан үлкен қолдау тапты. Көгалдандыру ісіне білім ордаларының ұстаздары, балабақша қызметкерлері, студент жастар, жеке кәсіпкерлер, кәсіпорын қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер мен ардагерлер қатысты. Шараға меншік түріне қарамастан, 652 ұйым мен мекеме жұмылдырылды. Көшет отырғызу жұмыстары Тұңғыш Президент алаңы, Қазыбек би көшесінен Төле би көшесіне дейінгі Әйтеке би көшесі, Ет комбинаты ауданындағы тынымбақ, №48 ЖОББМ ТЖЖ – 1 шағынауданы, Урдинская көшесінен КазТрубПром ғимаратына дейінгі Жамбыл көшесі, Әбілқайыр хан даңғылы, Әскери-техникалық мектебінің алды, Назарбаев даңғылынан Самар көшесіне дейінгі Сарайшық көшесі мекенжайларында ұйымдастырылды.
Сондай-ақ сенбілік барысында қала көшелері, саябақтар мен аула іші қоқыстан тазартылып, сынған ағаш бұталары мен қураған жапырақтар шығарылды.
Өз тілшіміз

Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты

Кіру
Пікір үстеу