5 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ҚАНДАЙ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШІНЕ ЕНЕДІ
2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап Covid-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша қосымша шаралар шеңберінде жекелеген объектілердің қызметіне енгізілетін жаңа шектеулер күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінше , еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен жұмыс және демалыс күндерінде сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне (азық-түлік емес), сауда желілеріне (сауда алаңы 6000 шаршы метрден астам), караокеге кіруге жұмыс режимі шектелмей, қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе (вакцинация, сынама алынған сәттен бастап 7 күннен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдар) болған жағдайда рұқсат етіледі.
Қабылданған шаралар коронавирустың омикрон түрінің таралу және жұғу жылдамдығына негізделген, ол қазірдің өзінде әлемнің 110 елінн табылды, ал 30 қарашада ол небәрі 10 елден шыққан болатын.
Омикрон штамының таралуы бірқатар елдердің денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуін тудырып отыр.
Осыған байланысты қабылданып отырған шаралар эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтауға, аурулар санының өсу қаупін азайтуға, неғұрлым қатаң шектеу шараларын енгізуге жол бермеуге бағытталған.
Коронавирустың бұл түрінің жұқпалылығы дельта нұсқасына қарағанда 5 есе жоғары екенін есте сақтау керек, қайта жұқтыру қаупі жоғары.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша ауру бірнеше айдың ішінде бүкіл әлемге таралуы мүмкін.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Кіру
Пікір үстеу