8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қаңтар 2020 2099 0
Өзек

ЗОРЛАУ ОРТАША АУЫРДАН АУЫР ҚЫЛМЫС ҚАТАРЫНА АУЫСТЫРЫЛДЫ

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бүгін БҚО полиция департаментінде өткен брифингте қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнама, әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекске енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

БҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Асхат Теміржанов Қылмыстық Кодекс бойынша енгізілген өзгерістерді таныстырды.

Өзгеріс енгізіліп отырған баптардың бірі – Қылмыстық Кодекстегі 120 (Зорлау) және 121-баптарына (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) қатысты. Заңнаманың 1 тармағы бойынша бұған дейін 3-5 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы қолданылып келсе, енді ол 5-8 жыл аралығында бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылмақ. Әрі  зорлау орташа ауырдан ауыр қылмыс қатарына ауыстырылған. Бұл бап бойынша тараптардың ымыраласуына жол берілмейді. Енді балаларға қатысты жасалған зорлау қылмыс аса ауыр қылмыс деп танылады.

Балаларды зорлау және оларға қатысты зорлық әрекеттерін жасағандарға 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған жыныстық зорлық қылмысын жасаған тұлғаларға қатысты жаза да қатаңдатылып, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралып отыр. Бұған дейін бұл әрекет ауыр қылмыстар қатарына жатқызылмағандықтан, жауапкершілік қарастырылмаған болатын.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
53 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
325 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
584 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
823 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
858 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1013 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1207 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1442 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1527 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1637 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1645 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1675 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1680 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1784 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2005 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2312 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»