Жылжымайтын мүліктің кепіл шартын онлайн тіркеуге 11 мыңнан аса өтініш түсті
Өткен жылдың шілде айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы екінші деңгейлі банктермен бірлесіп («Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ, «Отбасы банк» АҚ), Blockchain технологиясымен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» қызметін көрсету процесін автоматтандыру және оңтайландыру бойынша пилоттық жобаны іске қосқан болатын.
Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар кепіл шарттарды мемлекеттік тіркеуге 11 515 өтініш берген. Оның ішінде «Отбасы банкі» арқылы – 6429, «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы – 2629, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ арқылы – 2457 өтініш қабылданған.
Енді банктер жаңа технологияны қолдана отырып, қажетті құжаттарды ХҚО-ға өзі жібереді. Бұл қызмет көрсету мерзімін 3 күннен 1 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Құқықтық талдау процесін автоматтандырудың арқасында банктер өтінім берген сәттен бастап тіркеуге дейінгі уақыт 3 минутты құрады. Жаңа технология адами фактор әсерін толықтай болдырмауға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін құқықтық талдау процесін автоматтандыру арқылы 2591 өтініш берілді.
Бұрын азаматтар жылжымайтын мүліктің кепіл шартын тіркеу үшін банктен алған құжаттарды өз қолымен ХҚО-ға апаруы тиіс болатын. Онда кепіл шартты тіркеп, ауыртпалық туралы анықтаманы алып, тіркелген шартпен бірге банкке қайта келетін. Blockchain технологиясының арқасында процесс автоматтандырылды.
Тұтынушылар жылжымайтын мүлкінің тіркелгенін растайтын құжаттарды алу үшін ХҚО-ға бармаса да болады. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі egov.kz порталындағы жеке кабинетінде әрдайым қолжетімді.
Азаматтарға арналған үкімет egov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлік бойынша келесі қызметтерді онлайн алуға болатынын естеріңізге салады:
- Заңдық талаптардың туындауын тіркеу;
- Заңдық талаптардың тоқтатылуын тіркеу;
- Кепілді, рентаны, пайдалануды тіркеу;
- Шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде ауыртпалықтардың өзгерістерін тіркеу;
- Қайта кепілді тіркеу;
- Құқықтың ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркеу;
- Міндеттемелердің орындалмағаны туралы хабарламаны тіркеу;
- Сауда-саттық туралы хабарламаны тіркеу;
- Қарыз шарты бойынша талап ету құқығын басқаға беруді тіркеу.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу