8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қыркүйек 2020 1231 0
Қоғам

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Жылыту маусымына орай Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен әлеуметтік нысандары отымен толық қамтамасыз етіледі. Жылыту қазандықтарды, электр қосалқы стансаларды және су құбырларын күрделі жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстар толықтай атқарылған. Автономды қазандықтардың дайындығы 95,7 пайызды құрайды. Сумен қамту және су бұру желілері 95 пайызға, жылыту желілері 100 пайызға дайын.

Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласының нысандары жылыту маусымына 100, білім беру нысандары 95,2 пайыз дайын. Бірқатар әлеуметтік нысан 25 қыркүйекте жылыту жүйесіне қосылған. Бүгінде көппәтерлі тұрғын үйлердің 95 пайызы гидравликалық сынақтан өткен. Көппәтерлі тұрғын үйлер және әлеуметтік нысандар 5 қазанға дейін 100 пайыз дайын болады. Тұрғындар және әлеуметтік нысандар отынмен толық қамтылған. Ауа райының болжамына сәйкес, алдағы 10 күнде орташа ауа температурасы +10 градустан жоғары болады. Облыс аудандары мен Орал қаласында электрмен жабдықтаудың автономды резервтік көздерін дайындау қамтамасыз етілген. Тәулік бойы жұмыс істейтін 72 апаттық бригада құрылды. Коммуналдық кешен нысандарында материалдық-техникалық ресрустардың азаймайтын резерві жинақталыпты.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
94 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
135 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
67 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
315 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»