«ЖЫЛ ҮЗДІГІ – 2020» ПРЕМИЯСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Биылғы жылды Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев «Волонтер жылы» ретінде бекітуіне байланысты, байқау үздік волонтерлерді қолдау мақсатында 12 аталым бойынша жүргізіледі. Аталмыш байқаудың ережелері бүгін өңірлік коммуникацялар қызметі ұйымдастырған брифингте таныстырылды.

БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрхат Ораш атап өткендей, биыл премияның берілуінде волонтерларға басымдық берілмек.
– Мақсат – волонтерларымызға мотивация беру, әрі қарай жұмыстануларына жағдай жасау. Бүгінде облыста 10 мыңнан аса волонтер бар. Сондықтан конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер көп болады деген сенімдеміз, – деді Нұрхат Ораш.
Үздіктер 7 негізгі және 5 қосымша бағыттарға сәйкес 12 аталым бойынша марапатталады.
«Birgemiz: Bilim» бағыты бойынша «Үздік волонтер» – өңірдегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау, ағылшын тіліне, компьютерлік және құқықтық сауаттылыққа оқыту бойынша волонтерлік көмек көрсеткендер арасынан таңдалмақ.
«Birgemiz: Saylyq» бағыты бойынша «Үздік волонтер» – денсаулықты қорғау саласына, науқастарды күтуде, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және басқаларында көмек көрсеткендер арасынан анықталады.
«Birgemiz: Sabaqtastyq» бағыты бойынша «Үздік волонтер» – Балалар үйлеріндегі балаларға және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы өмірлік қиын жағдайда қалған жастарға, балаларға қатысты волонтерлердің тәлімгерлік тәжірибесін енгізген жандар арасынан анықталады.
«Birgemiz: Taza Alem» бағыты бойынша «Үздік волонтер» – Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаштар отырғызу, қоқыстарды іріктеуге үйретуде дараланған волонтерлар арасынан таңдалады.
«Birgemiz: Asyl Mura» бағыты бойынша «Үздік волонтер» – тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау бойынша волонтерлердің ішінен анықталмақ.
«Birgemiz: Qamqor» бағыты бойынша «Үздік волонтер» – қарттар үйлеріне, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына тартылған волонтерлер арасынан анықталады.
«Birgemiz: Umit» бағыты бойынша «Үздік волонтер» – жоғалған адамдарды іздеу, апаттар қауіпін төмендету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша, оның ішінде біздің отандастарымыздың Ұлы Отан соғысындағы ерліктері туралы баяндайтын құжаттарды іздестіру жөніндегі жобаларға қатысқан волонтерлерден анықталмақ.
Сондай-ақ «Үздік күміс волонтер» аталымы бар. Оған 50 жастан асқан волонтерлер, «күміс» волонтерлікті дамыту саласындағы жобаларды іске асыратын бірлестіктер мен қозғалыстардың басшылары мен өкілдері үміткер бола алады.
«Үздік жас волонтер» аталымына 16 жасқа дейінгі волонтерлік қызметпен айналысатын жасөспірімдер қатыса алады.
Отбасы мүшелерімен бірлесе отырып, волонтерлік қызметпен айналасқан отбасылардың үздігіне «Үздік волонтерлік отбасы» аталымы беріледі.
Қоғамға қандай да бір септігін тигізу мақсатында ұйымдасқан топтың жобалары бойынша «Үздік волонтерлік қозғалыс» анықталып, ағымдағы жылы волонтерлік қызметті ақпараттандырумен, өз алдына волонтерлік қызметпен айналысқан БАҚ өкілдері ішінен «БАҚ саласындағы үздік волонтер» аталымының иегері таңдалмақ.
Ұйымдастыршы Аслан Тапишевтің айтуынша, өтініштер 20 қарашаға дейін қабылданбақ.
– Үміткерлер сауалнама толтырады, оған қоса өмірбаяны, сарапшыдан сын-пікір және қолдау хат қажет. 3х4 өлшемді бес дана фотосуретін, сондай-ақ ағымдағы жылы атқарған жұмыстары туралы мәліметтерді, марапаттарын арнайы папкаға жинақтап тапсыруы қажет. Үміткрелердің жас мөлшеріне шектеу қойылмайды, – деді Аслан Нұрланұлы.
Бұл жобаға 2019 жылы қатысқандар кері өтінім бере алмайды.
Үздіктерді арнайы комиссия анықтайды. Қорытынды желтоқсан айында жарияланбақ. «Жыл үздігі» атағын алған жеңімпаздарға диплом, статуэтка және 100 мың теңге сыйақы беріледі.
Құжаттар ze_akzhaik@mail.ru эл. поштасы арқылы қабылданады. Қосымша ақпарат алу үшін 8 705 766 44 59 ұялы телефонына хабарласуға болады. Мекен-жайы: Әбіш Кекілбаев көшесі, 64.
Айта кетейік, «Жыл үздігі» премия-байқауы өңірде 10 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы жылдар ішінде 200-дей жас көшбасшы марапатталды.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу