ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЕКІ МЫҢҒА ЖУЫҚ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚТЫ
Биылғы жылдың 7 айында 2 мыңға жуық батысқазақстандық жасына байланысты зейнетақының тағайындалуына өтініш білдірді. Айта кетейік, өткен жылдың дәл осы кезеңінде 1800 азамат зейнетке шыққан.

Зейнеткерлікке шыққандардың арасында Алматы (5 мыңнан астам), Түркістан (4,5 мыңнан астам) және Шығыс Қазақстан (3,8 мыңнан астам) облыстарының тұрғындары көп. Ең төменгі көрсеткіш Атырау облысына тиесілі, онда 7 ай ішінде 1295 тұрғын зейнеткерлікті рәсімдеген.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті зейнет жасы толғанға дейін 10 күн бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офисі арқылы беру керек. ХҚО-ға бару үшін алдымен egov.kz порталы немесе eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы кезек уақытын брондау қажет.
Сондай-ақ коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында мемлекеттік корпорация eGov.kz порталына электронды өтінішті жіберу арқылы қашықтан зейнетақы тағайындау мүмкіндігін қарастырды.
Өтініш беру үшін азамат электрондық цифрлық қолтаңба немесе біржолғы жасырынсөз арқылы egov.kz порталына кіру керек. Содан кейін «Электрондық өтініштер» сервисін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беру қажет. Содан кейін жеке ақпарат, оның ішінде электронды пошта мекенжайы, телефон нөмірі, қызмет атауы және т.б. мәліметтер толтырылуы тиіс.
Сондай-ақ құжаттардың сканерленген немесе фото көшірмелерін (қажет тізімді 1414 байланыс орталығынан немесе gov4c.kz веб-сайтындағы «Мемлекеттік қызметтер стандарттары» бөлімінен білуге болады), соның ішінде қызмет алушының жеке қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті де жүктеу қажет. Жолданатын тарап бағанында – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аймақтық филиалын таңдау керек.
Өтінімнің соңында ЭЦҚ-мен қол қойылуы тиіс.
Сұрақтар туындаған жағдайда, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері қызмет алушымен көрсетілген телефон нөмірі арқылы байланысады.
Мемлекеттік қызмет нәтижесі қызмет алушының жеке кабинетінде көрсетіледі.
Айта кету керек, БЖЗҚ-дан төленетін төлемдер мен базалық зейнетақы төлемдеріне өтініш композит аясында бір өтініш арқылы ұсынылады.
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу