29 Тамыз 2023 1230 0
Мезгіл мәселесіЖыл басынан бері бейнекамера арқылы 6 мың қылмыс ашылды
Премьер-министр Әлихан Смайылов полиция жұмысын цифрландыру барысымен танысты, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Министр Марат Ахметжановтың айтуынша, ішкі істер министрлігі қала көшелері мен қоғамдық орындарда «толық қамту» принципімен бейнебақылау енгізіліп жатыр.
Жыл басынан бері полицияның жедел басқару орталықтарындағы (ЖБО) бейнекамера арқылы 6 мың қылмыс ашылды, 2,7 млн жол ережесін бұзу, сондай-ақ 312 мың басқа да әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде биыл еліміздегі қылмыс көрсеткіші 17%-ға төмендеген. – Цифрландыру арқылы тиісті мемлекеттік қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруға болатынына талай рет көзіміз жетті. Нәтижесінде еңбек өнімділігі артып, жемқорлық фактілері азаюда. Цифрлық технологияларды енгізу арқылы Ішкі істер министрлігі де жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Енді мұны аймақтарда одан әрі кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажет, — деді Әлихан Смайылов.
Бұдан бөлек, үкімет басшысы мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты. Атап айтқанда, оқу орындарында орнатылған бейнекамералардағы жазбалар мен дабыл түймешелерінің сигналдарын жедел басқару орталықтарына және полицияның кезекші бөлімшелеріне шығару барысы көрсетілді. Бүгінде мұндай шаралармен 3 654 мектеп қамтылған, бейнебақылау камералары 7 600 мектепте орнатылған. Оларды қосу жұмыстары жалғасып жатыр.
Сонымен қатар ішкі істер органдарының мекемелері де жаппай бейнебақылаумен қамтылған. Барлығы 18 мың камера орнатылған. Бұл қызметкерлердің және жұмыс процесіне басқа да қатысушылардың іс-әрекетін бақылауға мүмкіндік береді. Дәл осындай жұмыстар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде де жүргізілуде. Атап айтқанда, 52 колонияға 22 мың бейнекамера орнатылған. Бейнебақылауды Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ситуациялық орталығы мен прокуратура органдары жүргізеді.
Бұдан бөлек, үкімет басшысы «Цифрлық полицей»жобасы аясында сатып алынған жаңа бейнежетондардың жұмысын бағалады. Құрылғы видеоны басшылар мен басқа да тексерушілердің жұмыс орындарына онлайн режимде трансляциялайды. Бейнежетондарға орнатылған бағдарлама полиция қызметкеріне бейнежазбаларды өз бетінше жоюға, құрылғыны өшіруге немесе өзінің отырған жерін жасыруға мүмкіндік бермейді.
Дереккөз: sputnik.kz
Соңғы жаңалықтар
Экономика
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
29 Сәуір 2026
64 0
Жасанды интеллект
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
29 Сәуір 2026
67 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
29 Сәуір 2026
95 0
Өзек
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
28 Сәуір 2026
95 0
Заң және тәртіп
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
28 Сәуір 2026
108 0
Қоғам
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
28 Сәуір 2026
147 0
Өзек
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
27 Сәуір 2026
134 0
Жасанды интеллект
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
24 Сәуір 2026
232 0
Ауыл - ел тірегі
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
24 Сәуір 2026
248 0
Мәдениет
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
24 Сәуір 2026
225 0
Toqaev2026
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала
23 Сәуір 2026
236 0
Таза Қазақстан
«Начни с себя»: встреча с молодежью в рамках идеологии «Таза Қазақстан»
21 Сәуір 2026
295 0

Кіру
Пікір үстеу