ЖУРНАЛИСТЕРДІ АККРЕДИТТЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Журналистерді аккредиттеу Қағидаларының жаңа жобасы аккредиттеу рәсімінен өтуге қолайлы жағдай жасауға және оны жеңілдетуге бағытталған бірқатар жаңалықтарды, сондай-ақ аккредиттелген журналистердің іс-шараларға қатысу шарттарын белгілеуге қажетті шараларды қамтиды.

Жаңа жүйені әзірлеу журналистерді аккредиттеуден өту тәртібін ретке келтіру және өзектендіру, сондай-ақ жұртшылықты кеңінен және жедел хабардар ету қажеттілігіне негізделген.
Тәжірибе көрсеткендей, қолданыстағы аккредиттеу жүйесі осы рәсімді өткізудің нақты және жеңілдетілген тетігін толық көлемде қамтамасыз етпейді.
Осылайша, аталған мәселені шешу үшін ережелер жобасында келесі негізгі жаңалықтар қарастырылған:
- Журналистердің іс-шараларға қатысуы үшін қосымша мүмкіндіктер жасау мақсатында журналистерді аккредиттеу тұрақты болып бөлінеді, оның қолданылу мерзімі кемінде 1 жыл және нақты редакциялық тапсырманы орындау қажет болған кезде бір рет берілетін уақытша, не науқастанған, демалысы, іссапары болған не нақты іс-шара жария етілген жағдайда тұрақты аккредиттелген журналистерді ауыстыру болады;
- Аккредиттеу рәсімінен өту үшін ұсынылатын құжаттар пакеті 4-тен 2-ге дейін құжат (өтініш және жеке басын куәландыратын құжат) қысқартылған;
- Өтінішті қарау және ол бойынша шешім қабылдау мерзімін 7-ден 3 жұмыс күніне дейін қысқарту болжанып отыр;
- Ашықтықты арттыру үшін аккредиттеуші ұйым өзінің интернет-ресурсында аккредиттелген журналистердің тізілімін жүргізетін болады;
- Аккредиттеуші ұйымның міндеттері, атап айтқанда, іс-шараларды алдын ала хабарлау, журналистің отырыстарға қол жеткізуін, сондай-ақ отырыс материалдарына қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша міндеттері көзделген.
Бұл бастамалар жұмыс істейтін аккредиттеу жүйесін құруға және журналистердің өткізілетін іс-шараларға қатысуына тиісті жағдайлар жасауға ықпал етеді.
Осы ережелерді әзірлеу медиа-қоғамдастық өкілдерінің тікелей қатысуымен жүзеге асырылғанын және бағытталған ұсыныстар НҚА жобасында ескерілгенін атап өту қажет.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу