8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қаңтар 2025 9864 0
Қоғам

«Журналист мамандығы – жауапты қызмет»

Осындай атаумен  23 қаңтар күні Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «Елеулі есімдер» жобасы аясында Мәдениет саласының үздігі, Ақпарат саласының үздігі, «Ақжайық» телеарнасының редакторы Гүлмира Тілеубаевамен кездесу кеші өтті.


Шарада танымал тұлға Қатимолла Бердіғалиевке алдымен сөз кезегі беріліп, жерлес ағасы кішкентай Гүлмираның балалық және студенттік шақтарынан естелік айтып берді.

Сол секілді БҚО қоғамдық даму басқармасы бастығының орынбасары Г. Шөкеева, БАҚ өкілдері – Б.Ғұбайдуллин, А.Ғұбашев, К.Қамбетовалар әріптесінің еңбегіне, отбасылық өміріне, деректі фильм түсірудегі редакторлық ізденісіне тоқталды.

Аталмыш кеште Казталов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбешова, «АМАНАТ» партиясының өкілі А.Семғалиева және Тасқала аудандық филиалының төрайымы Л.Жұбанышқалиева Алғыс хат табыстады.

Сондай -ақ, «Қазақрадиосы» мен ҚАЗМҰУ-дағы курстастары құттықтауларын жолдады.Шарада Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясының әншілері Ж.Хасанова,М.Хайдарова,Д.Бақытова,Е.Өтегенов,А.Хайырхановтар әуелете ән шырқады. Ақын Айнабек Сағынтайұлы жүргізген кеш соңында Г.Тілеубаева көрермен қауымға, әріптестері мен 10 жылдық тарихы бар Қадыр сарай ұжымына алғысын білдірді.

«Жайық Үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
85 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
64 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
76 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
145 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
162 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
192 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
147 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
151 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»