8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2026 323 0
Референдум2026

Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді

Қаратөбе ауданындағы №277 және 278 референдум учаскелерінде «Қаратөбе» спорт клубының ұйымдастыруымен дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді.

Жарысқа келгендер өз шеберліктерін сынап қана қоймай, сайыстың қызықты атмосферасына куә болды. Қатысушылар арасындағы бәсеке қызу болып, әр қатысушы өз дәлдігі мен шеберлігін көрсетуге тырысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық іс-шаралар жастарды спортқа баулу үшін өте маңызды.


Қаратөбе ауданында садақ ату спорты соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Клуб өкілдері бұл бағыттағы шаралар тек спортты насихаттап қана қоймай, елдің мәдени және қоғамдық өміріне де оң әсерін тигізетінін атап өтті.

– Бүгін біз спортпен айналысып, өзіміздің азаматтық міндетімізді орындадық. Мұндай ерекше формат көңілді, есте қаларлық әрі шабыт беретін тәжірибе болды. Сонымен қатар, сайыс арқылы әрқайсымыз өз шеберлігімізді сынап, бір-бірімізбен жарысудың қызығын сездік, – дейді Мейрамбек Далабаев.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
153 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
192 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
434 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»