8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2026 297 0
Референдум2026

Ерекше қажеттілігі бар жандарға қолайлы жағдай жасалды

Бүгінгі республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын білдіруге құқылы 446 391 батысқазақстандықтың 2254-і – дауыс беру кезінде ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедектігі бар азаматтар. Бұл санаттағы сайлаушылардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында облыстық референдум комиссиясы тарапынан бірқатар шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Орал қаласы мен аудандарда арнайы такси қызметі іске қосылып, референдум учаскелерінде ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған арнайы бұрыштар жабдықталған.

Тағдырдың жазуымен мүгедектер арбасына таңылса да, өмірге деген құлшынысын жоғалтпаған жандардың бірі – Гүлмира Батпақұлова. Ол «Арба» бірлестігін құрып, мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсетіп келеді. Бүгін ол да ел болашағына қатысты өз ұстанымын білдіру үшін референдумға қатысқанын айтты.

– Бүгін №34 учаскеге келіп, өз дауысымды бердім. Мұнда ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін барлық жағдай жасалған. Көзі нашар көретін жандарға арналған тактильді плиткалар мен бағыттаушылар бар. Сондай-ақ біз секілді қоларба қолданатын, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға да қолайлы жағдай қарастырылған, – дейді ол.

Жалпы облыс бойынша ерекше жағдайларды қажет ететін 2254 азамат тіркелген. Олардың дауыс беру учаскелеріне еркін жетуі үшін бүгін тегін такси қызметі ұйымдастырылып, өңір бойынша мүгедектігі бар жандарды тасымалдауға 78 автокөлік тартылған.

Жайық үні

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
156 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
435 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»