8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Наурыз 2026 668 0
Қоғам

Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған

Бұл жоба 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумға шығарылады.


Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформа және мемлекеттің институционалдық жүйесін одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ құқық үстемдігі қағидаттарын нығайтуға бағытталған жаңа Конституция жобасы туралы талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова 2026 жылғы конституциялық реформа жаңа Конституция жобасын әзірлеу арқылы іске асырылуда екенін жеткізді.

– Бұл жоба 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумға шығарылады. Реформаның негізгі мақсаты – билік тармақтары арасындағы теңгерімді жаңарту және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру. Жаңа Конституция жобасы конституциялық құрылыстың басым құндылығы ретінде адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған», – деді ҚР Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова өткен Венециандық комиссияның 146-пленарлық сессиясында.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов  болса жаңа Конституция жобасында азаматтар мен мемлекет үшін кешенді міндеттер белгіленгенін атап өтті.

– Табиғатты құрметтеу міндетін, мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі стратегиялық мақсатын және адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақпаратты жасырғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін белгілейтін ережелер бар. Азаматтарға да, мемлекеттің өзіне, мемлекеттік органдарға, соның ішінде бизнес өкілдеріне де тікелей жауапкершілік жүктейтін нормалар белгіленген, – деді Ж.Шаймарданов.

Сонымен қатар ол ұсынылған ережелер жалға алушыларды қорғау мен мүлік иелерінің құқығын құрметтеуді біріктіретін теңгерімді модель құруға бағытталғанын түсіндірді.

«ҚР азаматтары заңды түрде алынған кез келген мүлікке жекеменшік құқығына ие. Сот шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды. Жаңартылған әлеуметтік келісімшартта осы тепе-теңдік сақталады», – дейді ол.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»