8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2026 373 0
Референдум2026

Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді

Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні ерекше көріністермен есте қалуда. Хан Ордасы ауылындағы №60 сайлау учаскесінде тарихи костюм киген Жәңгір хан бейнесінде жергілікті тұрғын келіп, сайлаушылардың  назарын аударды.

Тарихи кейіпкер дауыс беру рәсіміне қатысып, өз таңдауын жасады. Көрермендер мен учаскеге келген тұрғындар үшін бұл – ел тарихына құрмет көрсету мен азаматтық жауапкершілікті насихаттайтын ерекше сәт болды.

– Қазіргі тез өзгеріп жатқан әлемде ең басты байлық – пайдалы қазбалар емес, адамдар. Сондықтан Конституцияда адами капиталды, яғни білімді, ғылымды және адамдардың дамуын қолдауға басымдық берілуі өте маңызды. Ғылым дамыған сайын жаңа технологиялар пайда болып, жаңа нарықтар ашылады, инвестиция келеді. Бұл өз кезегінде халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгін мен тек тарихи тұлға ретінде ғана емес, ел болашағына бей-жай қарай алмайтын азамат ретінде де өз таңдауымды жасап отырмын. Елдің болашағы әрқайсымыздың шешімімізге байланысты,– деді Жәңгір хан кейпіндегі реконструктор.

Айта кетейік, референдум күні облыстағы барлық сайлау учаскелерінде 446 мыңнан астам азамат өз таңдауларын жасау мүмкіндігіне ие.

 

https://zhaikpress.kz/kk/news/batys-kazakstanda-zhangir-xan-dauys-berdi/

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
99 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
141 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
180 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»