8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2026 289 0
Референдум2026

Оралда референдум күні азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылды

Республикалық референдум күні Орал қаласына қарасты елді мекендердегі бірқатар сайлау учаскелерінің алдында азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Орал қаласындағы Зачаганск кентіндегі №216, Круглоозерное ауылындағы №431 және №300, Деркөл кентіндегі №44 және №49, сондай-ақ Желаево ауылындағы №493 сайлау учаскелерінің алдында азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

Жәрмеңкелердің басты мақсаты – тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен ұсыну және жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау. Сауда орындарында ет, сүт өнімдері, көкөніс, жұмыртқа, ұн және басқа да күнделікті тұтынатын тауарлар сатылымға шығарылды.

Жәрмеңкеге келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлер өз өнімдерін әкеліп, тұрғындарға нарық бағасынан төмен бағамен ұсынды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жәрмеңкелер тұрғындардың дауыс беру күні қолайлы жағдай жасауға және қала маңындағы елді мекендерде әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Тұрғындар жәрмеңкеде қажетті азық-түліктерін сатып алып, референдум учаскелеріне барып дауыс беруге мүмкіндік алды.

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
102 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
145 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
183 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»