8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Наурыз 2026 217 0
Без рубрики

Қызмет алушылар құқығы – басты назарда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру.

Азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Департамент келіп түскен арыз-шағымдарды жан-жақты қарап, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметтерге тұрақты түрде қашықтықтан мониторинг жүргізіп келеді.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департаменттің араласуымен қашықтықтан мониторинг нәтижесінде 132 қызмет алушының, ал шағымдарды қарау нәтижесінде 14 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Атап айтқанда, ішінара келесі бұзушылықтар анықталды:

  • Ауылдық округі әкімінің аппаратымен өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесіне құқық алу қызметі бойынша өтінім жер комиссиясында қаралмай, негізсіз бас тартылған. Департаменттің ұсынымы негізінде жер комиссиясында қайта қаралып, тиісті шешім берілді.
  • Медициналық ұйымдар тарапынан медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекітуден негізсіз бас тарту фактілері анықталды. Нәтижесінде азаматтар тиісті медициналық ұйымдарға тіркелді.
  • «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы «Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша өтінімдердің тіркелмегені анықталды. Департаменттің ұсынымы негізінде өтінімдер тіркеліп, азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.

Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастыра береді.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің БҚО бойынша департаменті

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
42 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
252 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
590 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
307 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»