8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қараша 2019 2106 0
Қоғам

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК – 2019» ПРЕМИЯСЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Оралда дәстүрлі «Жомарт жүрек – 2019» меценаттар форумы өтті. Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында ұйымдастырылған форумда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс орталығы мен аудандарда атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылып, жүректері жылылық пен мейірімділікке толы, туған жерлеріне өздерінің еңбектерімен елеулі үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды.

Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы алты принципке негізделген 13 арнайы жоба арқылы жүзеге асуда. Аз ғана уақыттың ішінде үлкен жұмыстар атқарылды. Ең бастысы, туған өлкесін дамытуға белсене кіріскен жандардың қатары көбеюде. Облыс басшысы Ғали Есқалиев атап өткендей, биылғы жылы «Туған жер» арнайы бағдарламасы шеңберінде 136 меценаттың қатысуымен 183 жоба мен түрлі деңгейде шаралар өткізілген.  Өңір меценаттарының әсіресе спорт, денсаулық, білім салаларына басымдық беріп отырғанын атап өту керек. Нақтырақ айтсақ, меценаттардың демеушілігімен Қазталов ауданының Ақпәтер ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пен Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында жаяу жүргінші көпірі салынды, Орал қаласы кәсіпкерлерінің көмегімен мұқтаж отбасыларға пәтерлер сыйланып, басқа да көптеген игі істер атқарылды. «Туған жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған осындай айтулы игі істер театр фойесінде көрме арқылы көпшілік назарына ұсынылды.

Жүректері махаббат пен сүйіспеншілікке толы мейірімді жандарды ұлықтауға арналған «Жомарт жүрек – 2019» меценаттар форумын облыс басшысы ашты.

– Ақжайық өңірі – ата дәстүрінен айнымаған, салтына берік, ұлттық құндылықтарды қадір тұтатын қасиетті өлке. Осынау өлкеде ел мүддесін өзінен биік қоятын, атамекеннің абыройын асырып жүрген азаматтар аз емес. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп нақты міндеттер жүктеген болатын. Ел тарихы тұлғалар арқылы жасалатынын ескерсек, Ақжайық өңірінде көптің алғысына бөленіп жүрген жандар жеткілікті. Бұл – атадан келе жатқан игі дәстүрдің бүгінгі жалғасы, қазақы қасиетіміздің айқын белгісі. Ағайынға болысу, әлсізді демеу, жасы кішіні қолдау – адамзатқа тән мейірімділік пен кеңдіктің көрінісі. Жүзеге асырылған жақсы істердің барлығы жерлестеріміздің мәрттігі мен жомарттығының айқын дәлелі. Біз өз тарапымыздан осындай азаматтарды ерекше мақтан тұтамыз. Өскен өлкесінде ірі жобаларды жүзеге асырып, қайырымдылық көмек жасап жүрген бүгінгі күннің батырлары «Атымтай жомарт» жерлестерге алғысымызды білдіріп, кәсіптеріне береке, отбасыларына амандық тілеймін, –деді Ғали Нәжімеденұлы.

Туған жерлеріне өздерінің еңбектерімен елеулі үлес қосып, жерлестеріне әрдайым көмек қолын созып жүрген, қайырымды істерімен халық арасында үлгі бола білген бірқатар ел азаматтары облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Ал «Жомарт жүрек – 2019» премиясының «Жыл меценаты» аталымы биылғы жылы Ақсай қаласында жастарға арналған авто-, велотұрақ орнатып, мәдени шараларға арналған сахна құрылысын жүргізген, қала көшелеріне өрнектасты жол төсеуге жәрдемдескен «АқсайГазСервис» АҚ Президенті Тлек Шектібаев пен «Мейірімді көктем» жобасы аясында көпбалалы анаға пәтер сыйлаған, қайырымдылық шаралардың демеушісі Тимур Әминге табысталды. Ақсай қаласында балалар ойын алаңын салып берген, өмірлік қиын жағдайда қалған екі отбасының пәтер жалдауына көмектескен, Арыс қаласы тұрғындарына қаржылай көмек қолын созған кәсіпкер Анвар Агаев «Жыл тұлғасы» аталымымен марапатталса, «Жылдың үздік ұйымы» аталымы «Демеу» мүгедектерді қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігіне берілді. Ал жуырда ғана көпірден секіріп, өмірімен қоштаспақ болған бойжеткенді құтқарған БҚО Полиция департаменті жанындағы оқу-жаттығу взводның жауынгері, полиция капитаны Еркебұлан Сапановқа «Ерен еріктілік» аталымы бойынша «Жомарт жүрек» премиясы ұсынылды. Еркебұлан жұмыс бабына байланысты салтанатты рәсімге қатыспағанымен, марапат ер жүрек азаматты дүниеге әкелген ата-анасына зор құрметпен табысталды.

Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы «AZIYА NEFTEGAZ SERVIS» ЖШС директоры Арман Кущанов, ақжайықтық кәсіпкер Есенаман Жарылғасов, «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» аясында отбасылық жағдайы қиын 100 отбасыға тегін азық-түлік жеткізіп берген, алғашқылардың бірі болып «әлеуметтік бұрыш» ұйымдастырған оралдық кәсіпкер Нұргүл Ашықова «Жыл тұлғасы» аталымымен марапатталды.

Сондай-ақ «Туған өлке» аталымы бойынша Бәйтерек ауданындағы «Асан ауыл» ЖШС-ның директоры Бейбіт Асанов, Қазталов ауданындағы Ақпәтер ауылына фельдшерлік-акушерлік пункт салуға демеушілік жасаған «ЕрҚожа» ЖК жетекшісі Самат Хасанов, туған ауылына спорт алаңын салып берген, қайырымдылық шаралардың тұрақты демеушісі Қаратөбе ауданындағы «Темiрәлi Компания» ЖШС-ның директоры Айбек Өтеғалиев, жыл сайынғы қайырымдылық шаралардың, «Мектепке жол» акциясының демеушісі, жергілікті медициналық пункттің күрделі жөндеу жұмыстарына қол ұшын созған Теректі ауданындағы «Жанғалиев» шаруа қожалығының басшысы Мерболат Жанғалиев және Сырым ауданы Жымпиты ауылдық Қадыр Мырзалиев атындағы орта мектептің ауласына streetworkout алаңын салып берген 1998 және 1999 жылғы осы мектептің түлектері «Жомарт жүрек» премиясын алды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
146 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
176 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
189 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
199 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
275 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
271 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
278 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
363 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
615 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
807 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
938 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
948 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
1023 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1425 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1443 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1520 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1607 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1814 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1812 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»