8 (7112) 50-86-31
Ғұмар Қараш 33/2, 2-қабат Zhaik_yni@mail.ru

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың ІІ жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!  Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың ІІ жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың ІІ жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың ІІ жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

 

 

05 Қыркүйек 2019 67 0
Қоғам

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше облыстық мәслихаттың  үлкен залында өңір басшысы Ғали Есқалиевтің қатысуымен өткен облыс активінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауы талқыланып, аталатын маңызды құжаттың бөлім-белестері зерделенді. Жиынға облыстық мәслихат  депутаттары, қала және аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, ардагерлер мен зиялы қауым, кәсіпорындар мен мекемелердің, саяси партиялар филиалдарының, үкіметтік емес  және жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.  

       

Өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы өңір жұртшылығы тарапынан Мемлекет басшысының Жолдауы қолдауға ие болғанын айтты.

       – Елбасымыздың саясатының заңды жалғасы ретінде Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялап, Президентіміз негізгі басымдықты әлеуметтік саясатқа, кәсіпкерлікті дамытуға және халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға арнады.  Жолдауда еліміздің тұрақты дамуы, экономикалық өсімі, халықтың денсаулығы мен білімінің сапасы,әлеуметтік қорғау,руханияты мен мәдениетінің дамуы қамтылған.  Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдардың жұмысының тиімділігін арттыру мәселесін атап өтті. Қоғаммен тығыз қарым-қатынасты одан әрі дамытып, азаматтардың түйткілді мәселелерін шешуге баса тоқталды. Бұл әрбір мемлекеттік қызметкерден жоғары жауапкершілікті талап етеді. Біздің ортақ міндетіміз – азаматтардың барлық конструктивті сауалдарын жерде қалдырмайтын «Халық үніне құлақ асатын ме

млекет» концепциясын іске асыру. Қазақстан Президенті қойып отырған осы міндетті орындауға азаматтық қоғамды жұмылдыру маңызды. Өңірімізде азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыру,  тұрғындарды қабылдау жүйелі жолға қойылып келеді. Азаматтардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын орнату, өзекті мәселелерін жедел түрде шешу мақсатында облыстық деңгейде тоқсан сайын «Ашық әкімдік» шарасы ұйымдастырылады, – деген облыс басшысы бұдан әрі Президент ұсынған бастамалардың әрқайсысына жеке тоқталып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына шолу жасап, құзырлы органдардың алдында тұрған нақты міндеттерді саралады.

Өңір басшысының мәлімдеуінше, жыл басынан бері «Ашық әкімдік» шарасы бес рет өткізіліп, нәтижесінде үш мыңнан астам адам өздерінің өтініштері мен ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алған.  Бұл тәжірибе қазіргі уақытта жалғасын тауып, Орал қаласы мен барлық аудандарда жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен тұрғындардың өзара қарым-қатынасын жеңілдету бағытында Орал қаласы әкімдігімен «Қолжетімді әкімдік» жобасы тиімді түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл бастаманы қалған мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен қолға алу және фронт офис форматында жұмыс жүргізу мүмкіндіктері қарастырылуда. Кәсібін ашамын деген азаматтарға Жолдау зор мүмкіндік береді. Себебі, мемлекет бизнеске қолдау көрсетіп, Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлмек. 3 жылға дейін салықтан босату туралы айтылды. Бұл – масылдықтан арылудың кілті әрі кәсіпкерліктің дамуына барынша жасалған жағдай.  Орта және шағын бизнес субъектілерінің санын мемлекеттік қолдау арқылы одан әрі арттыруымыз қажет. Өңірлерді дамытудың берік негіздерінің бірі ретінде Президент туризмді дамытуды атап өтті. Туризмді дамыту үшін қажетті инфрақұрылым жүргізуді, соның ішінде жол салып, білікті мамандар дайындауды қамтамасыз етуді тапсырды. Батыс Қазақстан облысы бойынша туристік орындарды тамашалауға келген адамдардың саны өткен жылмен салыстырғанда 18,4% көбейген.  Өңірдегі киелі орындардың туристік маршруттары, облыстың интерактивті картасы дайындалды. «Бөкей Ордасы тарихи-өлкетану музей-қорығы, «Жұмағазы Хазірет» кешені, «Алаш Орда» музейінің 3D-моделді виртуалды турлары жасақталды. Аталған орындарға инфрақұрылым тарту мәселесі қолға алынуда.  Әуежайымызды жаңғырту жұмыстары шілде айында басталды. Сондай-ақ, облыс орталығында халықаралық қонақүйінің құрылысы басталды. Бұл жұмыстар міндетті түрде туризмнің дамуына өз үлесін қосары анық. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, ауылшаруашылығы біздің негізгі ресурс болып есептеледі. Үкіметке сыртқы нарықта тауарларын сату үшін фермерлерді айрықша қолдау тапсырылды. Бұл экономиканың негізгі бағыты болып табылатын біздің өңір үшін өте маңызды қадам. 2019 жылдың қаңтар-тамызында 3 000 тонна ет пен ет өнімдері экспортқа шығарылса, оның ішінде мүйізді ірі қараның еті 2000 тоннаны, қой еті 1000 тоннаға жуык құрап отыр. Облыстан тыс жерлерге шығып отырған негізгі мал өнімдері тірілей салмақта кетіп жатыр. – Күні кеше Қазақстан Республикасының Премьер Министрімен өңірдегі ет өнімдерін өңдеу көлемін арттыру бойынша мәселені қозғадық. Ауылшаруашылық өнімдерін сатудан жоғары табыс табу біздің келесі жылы шешуге тиісті өзекті міндетіміз болмақ. Пайдаланылмаған жерлерді анықтау бойынша да тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Соңғы 5 жылда облыс бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы  1 млн. 532 мың.га пайдаланылмаған жерлер анықталды. Кері қайтарылған 715 мың. га немесе 64% жерлер ауылшаруашылығы жұмыстары айналымына қосылды. Жергілікті атқарушы органдармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жерпайдаланушылар 397 мың га аумақта жер участкелерін игеруге кірісіп кетті. Жылдың соңына дейін жерді пайдаланып отырғандарды нақты анықтайтын геоақпараттық порталды іске қосу жоспарланып отыр. Сондықтан да, мемлекеттен алынған жерлерді пайдаланбағандар толығымен кері қайтаратын болады немесе келесі жылы сол жерде жұмыс жасау үшін дайындық жұмыстарын бастау керек. Аталған жұмыстар ерекше бақылауға алынды. Президент суармалы жерлердің көлемін 3 млн га.дейін ұлғайтуды тапсырды. Бұл бағытта біз көлтабандарды суландыру жүйесін қалпына келтіруді Үкімет бағдарламасына қосуымыз қажет. Суландыру жүйесіне қосылатын үлкен көлемдегі жерлері бар мейлінше перспективалы аудандар қатарына төмендегі аудандар жатады,  Жаңақала ауданы,  Ақжайық ауданы,  Сырым ауданы, Қазталов ауданы. Осы аудандардың әкімдеріне «ҚазСуШар» РММ мекемесімен бірлесіп көлтабандарды суландыру бойынша нақты талдау жұмыстарын жүргізіп суландыру жүйесін қалпына келтіру бойынша ұсынымдар енгізу қажет. Төртінші. Президент әлеуметтік саясаттағы бірқатар басым бағыттарды айқындады. Жекелей қарағанда, білім беру саласындағы қордаланған мәселелер ретінде – ауыл мектептеріндегі орта білім сапасы, білікті кадрлардың тапшылығы, оқулық сапасының төмендігі атап өтілді. Мемлекет басшысы бұл бағытта «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының аясын кеңейту, дарынды ауыл жастарын отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау, білім сапасына мән беру жөнінде тиісті тапсырмалар берді. Жолдауда айтылған мұғалімдердің еңбек ақысын екі есеге арттыру педагогтар қауымы үшін жағымды жаңалық болды. Бұл әлеуметтік қолдау өңіріміз бойынша 12 мыңнан астам ұстаздарды қамтиды. Мәдениет саласы қызметкерлері еңбекақыларының көтерілуі осы сала мамандарының қолдауға бағытталған маңызды қадам болады.  Қасым-Жомарт Кемелұлы бала құқығын қорғау және тұрмыстық   зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне басымдық беру қажеттігін баса айтты. Жолдауда мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту, балаларға арналған оңалту орталықтарының желісін кұру, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасау туралы міндеттер қойылды. Бүгінгі күні облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы саны 2 654 адамды құрайды.  Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүгедек балаларды оңалту, сауықтыру және әлеуметтендіру бойынша тиісті шаралар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, ерекше балалардың ата-аналарына ақпараттық, кеңестік және психологиялық көмек көрсету және қолдау бойынша бағдарлама жасақталып іске асырылуда. Ел Президенті халықтың денсаулығын жақсарту мәселесіне де тоқталып, ана мен сәби өліміне қатысты көрсеткіштерді төмендету қажеттігін атап көрсетті. Ағымдағы жылы облыс көлемінде сәби өлімінің төмендегені байқалады. Ана өлімі тіркелген жоқ. Биылғы жылы облыстық перинаталдық орталығына 151 млн. теңгеге 5 бірлік медициналық құрал-жабдық, облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 150 млн. теңгеге 3 бірлік медициналық құралдар сатып алынды. Бұл шаралар ана мен сәбилердің денсаулығын жақсартуға оң әсерін тигізетін болады. Президент Жолдауда бұқаралық спортты дамыту,  спорт инфрақұрылымының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету мәселесін алға қойды. Бұл бағытта біздің өңірімізде жұмыстар қолға алынып, қалалық және ауылдық жерлерде көптеген спорттық алаңдар салынуда. Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту және  тұрғындарға спортпен айналысуға жағдай жасау  мақсатында аудандарда 8  дене-шынықтыру және сауықтыру кешендерін салу жоспарлаудамыз.  Биылғы жылы осындай нысандардың құрылысы Жәнібек және Жаңақала аудандарында басталды. Осы бағыттағы жұмыстың қарқынын түсірмеуіміз қажет. Жолдау еліміздің алдағы даму жолын айқындады. Мемлекет басшысы атап өткендей, мемлекеттік қызметкерлер мен қоғам белсенділері жұмыс тиімділігін арттырса, үлкен нәтижелерге қол жеткізу қиын емес. Әрқайсымыз азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру туралы Елбасы стратегиясының жүзеге асырылуына жауаптымыз.   Келер жылы аталып өтетін  маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталды. Атап айтқанда, Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық,  жерлесіміз, ақын Жұбан Молдағалиевтың 100-жылдық мерейтойларын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өтеміз. Сондай-ақ, биылғы Жастар жылы Волонтерлар жылымен жалғасатын болады. Одан әрі Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуге дайындықты бастаймыз. Осы орайда, Мемлекет басшысы атап өткендей, ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек. Осынау елеулі оқиғалар мен тарихи даталар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашады, – деген Ғали Нәжімеденұлы  баршаны үлкен мақсаттарға жетелейтін жолда ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырды.

Жиында сөз алған еңбек ардагері, салалық мәдениет және спорт қызметкерлері кәсіподағы филиалының төрағасы Айдар Батырханов, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, саясаттанушы Павел Добряев, облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Жамал Ихсанова,  «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлия Салиева, «АСАД» жеке кәсіпорнының директоры Ақбар Жақсақұлов  Елбасы Жолдауын бір кісідей қолдап,  маңызды құжатта Президент нақтылап берген бағыт-бағдарды жүзеге асыруға жұмылатындықтарын тілге тиек етті.

 

 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Дені сау ұлт
ОНКОЛОГТАР ТЕГІН ҚАБЫЛДАЙДЫ
19 Қыркүйек 2019
19 0
Қоғам
ТАСАДА ЖҮРГЕН ТАЛАНТТАР
18 Қыркүйек 2019
45 0
Қоғам
ҚҰРМЕТ ЫСЫРАППЕН ӨЛШЕНБЕЙДІ
18 Қыркүйек 2019
26 0
Қалалықтар қаперіне
ОРАЛДА ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
18 Қыркүйек 2019
29 0
Қоғам
ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
17 Қыркүйек 2019
53 0
Өзек
5 адам қаза тапты
16 Қыркүйек 2019
53 0
Қалалықтар қаперіне
ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
13 Қыркүйек 2019
65 0
Қоғам
ЖАРЫҚТЫҢ БАҒАСЫ ҚАЙТА ҚЫМБАТТАДЫ
12 Қыркүйек 2019
64 0
Қоғам
«КІТАПХАНА – ТАҒДЫРЫМНЫҢ ТЫНЫСЫ»
12 Қыркүйек 2019
161 0
Без рубрики
ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПҚА ҮКІМ ШЫҚТЫ
12 Қыркүйек 2019
124 0
Қоғам
БАҚЫТТЫ НЕКЕНІҢ СЫРЫ
12 Қыркүйек 2019
127 0
Өзек
ЖҮРГІНШІНІ ҚАҒЫП КЕТКЕН
11 Қыркүйек 2019
193 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»