ЖОЛАҚ САЛУ ЖОСПАРДА БАР
Мамырдың 23-і күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінде баспасөз мәслихаты өтті. Аталмыш департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубеков жүргізген брифингте орман мен дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі және су айдынындағы қауіпсіздік шаралары жөнінде сөз болды.
Биыл облыс аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 18 төтенше жағдай тіркеліп, 17 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапқан. Сондай-ақ облыс бойынша 211 өрт тіркеліп, 10 адам зардап шексе, 2 адам көз жұмған.
Соңғы он жыл ішінде адамдардың суда қаза болуы негізінен масаң күйде 35%, суға түсу кезінде судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе жүзе білмеу 39%, балалардың ересектердің қарауынсыз суға түсуі 12 пайызды құрап отыр. Ал аумақтық қағидалар бойынша суға батудың жалпы санының 43%-ы Орал қаласында, 20%-ы Зеленов, 9%-ы Ақжайық аудандарында орын алған.
– Жазатайым оқиғалар санының шыңы негізінен маусым және шілде айларында тіркеледі. Бұл біздің аймақтың ауа райы жағдайына байланысты. Жас санаты бойынша 40 пайыздан астамын 18-26 жасқа дейінгі жастар құрайды, – дейді Н.Таубеков.
2018 жылғы орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөнінде бірқатар іс-шаралар атқарылып жатқанын жеткізген өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев:
– Облысымыздың 216,8 мың гектарын құрайтын орман қорын 8 мемлекеттік мекеме күзетеді. Облыс бойынша табиғи өртті алдын-алу және сөндіру үшін қазіргі уақытта 150 ерікті өрт сөндіру құрамалары құрылды. Жыл басынан бері облыс аумағында 2 орман өрті және жалпы көлемі 1962 га құрайтын 92 табиғи жану тіркелді.
Орман алқаптарында өрттің алдын алу бойынша ұзындығы 2000 шақырым минералдандырылған жолақ салу жоспарлануда, – дейді. Айта кетейік, қазіргі уақытта 7 өрт сөндіру бекеттері құрылған.
Одан әрі сөз алған табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Махамбет Ихсанғали «Таза орман», «Таза жағалау» сынды экологиялық акциялар, орман қорының санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында жыл сайын ағаштарды санитарлық кесу, өрт қауіпсіздігін сақтау туралы тілге тиек етті. Сонымен қатар тұрғындардың ережелерді сақтамайтындығын да жеткізді.
– Өрт қауіпсіздігі хақында аудандардан, анығын айтқанда аудандық әкімдіктерден келетін ақпараттарға қарнымыз ашып отыр. Аудандарда өрт мәселесіне қатысты жұмыстар жүргізілгенімен, «Биылғы өртке әзірміз, 2 трактор, 3 машинамыз бар» деген ақпарат береді. Бұл биылғы өрт кезеңіне дайындықтың нашарлығын көрсетеді. Халықпен жұмыс істеген хаттамалары жоқ,- деп ауданнан келіп түскен ақпаратқа қынжылатындығын білдірді.
Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бақытжан Ихсановтың айтуынша, суға түсу маусымы кезінде су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы жоспар бекітіліп, осыған сай жұмыстар жүргізілуде.
Облыстың су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған 69 орын белгіленген, соның 24-і жағажайларға арналған. Облыс аумағында білім беру басқармасымен бірлесіп балалар суға түсу үшін 19 орын ұйымдастырылған. Оның 9-ы модульды-қанқалы бассейн, 4-і жабық бассейн. Ал су айдындарында суға түсуге жабдықталған 6 орын бар. Осы жылы қосымша 13 жазғы модульды-қанқалы бассейн сатып алу жоспарланған.
Самал ЖАМЕТ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу