8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қыркүйек 2020 1694 0
Өзек

ЖОЛ ЖАБЫНЫН ТӨСЕУДЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР САҚТАЛМАҒАН

Жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары, БҚО жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасының өкілдері, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Орал қаласының көшелеріндегі жол құрылысына мониторинг жұмыстарын жалғасытурда. 25 қыркүйек күні бақылау тобы өкілдері  Миханова, Ярославская көшелерінің күрделі жөндеу нысандарында болды. 

Мамандар анықтағандай, Ярославская көшесінің төменгі қабатында асфальтбетон қоспасын төсеу бойынша технологиялық процестер сақталмаған, көлденең еңістер дұрыс жасалмаған, кеуекті ыстық ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасының төменгі қабатынан шығатын жерде қоспаның ыдыраулары байқалады. Бұл кейіннен жабынның қабыршықтануына әкеледі. Сонымен қатар, асфальтбетон жабынының төменгі қабатының жиегінде ауданы – 1 шаршы метрлік жарықтар торы анықталды.

Қайша Миханова көшесі бойынша тұрғын үйлерге кіре берістер жобалау-сметалық құжаттамада көзделмегені анықталды. Сондай-ақ филиал мамандары қалыңдығын анықтау және тиісті сараптама үшін керн сынамасына іріктеу жүргізді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
75 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
123 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
162 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
418 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
440 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»