8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Тамыз 2020 1265 0
Қоғам

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

26 тамыз күні жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, қоғам және БАҚ өкілдерімен бірлесіп Орынбор, Жәнібек, Орақбаев көшелерінің күрделі жөндеу объектісінде мониторинг жүргізді.

Бұған дейін, яғни шілде айында Орынбор көшесі бойынша комиссиялық тексеру барысында жұмыс жобасымен тұрғын үйлердің ауласына 2 бұрылу және медициналық мекемеге кіру жол қарастырылмағаны анықталған болатын. Қазіргі уақытта мониторинг барысында бұрын анықталған ескертулер толық жойылғаны анықталды.

Орақбаев көшесінің күрделі жөндеу учаскесінде комиссиялық тексеру кезінде жол төсемінің қабаттарының қабыршақтануы анықталды, бұл өз кезегінде мүмкін болатын ыдырауды көрсетеді және соңында шұңқырлардың, жарықтардың пайда болуына әкеледі. Сонымен қатар, тротуарға талап етілетін ұсақ түйіршікті асфальт-бетон қоспасының орнына ірі түйіршікті асфальт-бетон қоспасы төселгені анықталды.

Жәнібек көшесінің бойында қиыршық тастарды тығыздау техникасы іздері жоқ, негізгі қабатын қажетті тұтқыр битумның орнына битумдық эмульсиясымен өңдеген. Сондай-ақ, тегістеу жұмыстары мен тұтқыр материалдарды құю жұмыстары көрсетілетін жол жұмыстарының белгіленетін журналы жоқ болуына байланысты тапсырыс беруші мердігерге жұмысты тоқтату қажеттігін  айтқан. Алайда, оған қарамастан  мердігер жұмысын жалғастыруда.

Сонымен қатар, Орынбор, Жәнібек, Орақбаев көшелері бойынша тиісті сараптама үшін керн сынамасына іріктеу жүргізілді. Іріктелген керн сынамасы бойынша сапа орталығының зертханасында сынақ жүргізілетін болады.

Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»