ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ТАЛАПҚА САЙ БОЛМАЙ ТҰР
БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 11 маусымда автомобиль жолдарының сапасын сараптау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді тетіктер мен рәсімдерді қамтамасыз ету мақсатында облыстық мәслихат залында БҚО әкімінің орынбасары Т.А.Шәкімовтың төрағалығымен «Сапалы жол-Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді.

Іс-шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н. И. Самет, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы А. У. Салиева, облыстық, қалалық және аудандық мемлекеттік органдардың басшылары, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК филиалының, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ филиалының өкілдері, автомобиль жолдары құрылысы саласындағы әкімдік басқармаларының, бөлімдерінің басшылары, мердігерлік ұйымдардың, БАҚ өкілдері, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалау өкілдері қатысты.
Н. И. Самет жобалық кеңсенің өткен кезеңдегі жұмысының қорытындысы туралы тоқталып, жобалық кеңсенің мақсаты парасаттылық саясаты мен қағидаттарының комплаенсін енгізу, азаматтық қоғаммен тығыз қарым-қатынаста автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде жария және ашық бақылауды қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.
Жоба аясында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК БҚО бойынша филиалымен және Арнайы мониторингтік топ мүшелерімен бірлесіп ағымдағы жылы облыстың (1) және қаланың (4) автомобиль жолдары учаскелеріне 5 шығу жүргізілді. Мониторинг қорытындысында бірқатар кемшіліктер тізбектелді.
Мәселен, Лесозащитная көшесі бойынша (бас мердігер – «Ануш-құрылыс» ЖШС) кәріздің жабын құдықтарының қақпақ люктері жоғарғы қабатындағы асфальт бетонынан шамамен 8 см. төмендетілген, жобада үй-жайларға кірістер ескерілмеген және жолдың екінші бетінде тротуар қарастырылмаған, бұл жағдайлар тұрғындарға елеулі қолайсыздықтар тудыруда.
8 март көшесінде (бас мердігер «Түркістан Жол Сервис» ЖШС) жол жүру бөлігі тротуардан 7 см жоғары, сонымен қатар жобада үй-жайларға кірістер ескерілмеген және жол жиектері бекітілмеген, кейіннен а/б жамылғысының жүру бөлігінің жиегінің бұзылуына әкеп соқтырады.
Ә. Молдағұлова көшесі бойынша (бас мердігер – «Бірлік» ЖШС) өткен жылғы ескертулерді жою бойынша жұмыстар барысына мониторинг жүргізілді (жоба талаптары бойынша бетон жамылғысының жоғарғы қабаты енінің сәйкестігі, технологиялық жанасу орындарындағы ауытқулар (асфальт төсегіштің старт және табаны), 3 метрлік рейканың астындағы саңылаулар 10 мм-ден 15 мм-ге дейін болды). Мердігермен анықталған бұл ақауларды әлі күнге дейін жоймаған. Атап айтқанда, мердігер кепілдік міндеттемелер шеңберінде жол төсемінің жоғарғы қабатын ауыстыруы тиіс, оның орнына нысанда тек шұңқырларды жөндеу жұмыстары басталған.
Ал Үлкен Шаған 32-42 шақырымы бойынша (бас мердігер –«АСФА» ЖШС). жолдарды орташа жөндеу уақытында автокөлік құралдарына айналып өту қарастырылмаған, ал жолды жөндеу бір қозғалыс жолағын жабумен жүргізіледі. Сонымен қатар (орташа жөндеу) жолдың екі жағы да жабылды, ал автомобильдердің өтуі үшін айналма жол салынды, ол жүргізушілер үшін айтарлықтай қолайсыздық туғызады. Ұзақ жаңбырдан кейін жол жүру үшін жарамсыз болып шықты және мониторингтік топтың көзінше жол-көлік оқиғасы орын алды (лас және балшық жол нәтижесінде).Айналып өту жолдары күрделі жөндеу кезінде ғана көзделеді.
Көрсетілген ескертулер бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК облыстық филиалы тапсырыс берушіге тиісті хаттар жолдаған.
Қорытындылай келе Н.И.Самет барлық жоғарыда көрсетілген шаралар бүкіл қоғамның мүдделерін ескеруге және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік беретінің, сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшыларын БАҚ және т.б. өкілдерінің қоғамдық бақылауына кедергі келтірмеуге шақырып, бұл жағдайда компанияның имиджіне теріс әсер етуі мүмкін екенің, тапсырыс берушілерге құрылыс жұмыстарының сапасына мониторинг жүргізуге жергілікті халықты тарту жөніндегі жұмысты одан әрі жандандыруы қажет екенің атап өтті.
Қоғамдық бақылауды күшейту және барлық құрылыс қатысушыларының жол сапасына жауапкершілігін күшейту үшін А. Салиева мен азаматтық белсенді А. Муссилов өз көзқарасын білдірді.
Т. Шакимов өз сөзінде бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысы еліміз бойынша автомобильдік жолдардын сапасы бойынша соңғы орында тұрғанын, сондай-ақ сапаға әсер ететін төрт негізгі факторды атап өтті, бұлар мердігерлік ұйымның жоғары біліктілігі, тапсырыс берушінің тиімді жұмысы, техникалық қадағалаудың құзыреттілігі және ЖСҚ-ның сапалы дайындығы.
Кеңеске қатысушылар, оның ішінде жұртшылық пен БАҚ өкілдері жобаға қызығушылық білдіріп, уәкілетті органдардың өкілдеріне қала мен аудандардағы жолдардың сапасы туралы бірқатар өзекті мәселелерді қойып, оларға тиісті жауаптар мен түсініктемелер алды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу