8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Тамыз 2020 1102 0
Қоғам

ЖОЛ – ҚОҒАМНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

 Бүгін  БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен  «Aqjaiyiq – adaldyq alany» жобалық кеңсесі қызметкерлері облыстың көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, республикалық Орал – Атырау, Орал – Ақтөбе тас жолдарында рейдтік іс-шара өткізді.

Оның негізгі мақсаты бекеттерде бақылау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Рейдтік іс-шаралар барысында 2 құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 1-бөлігімен (Автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық тасымалдау қағидаларын бұзу), ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 7-бөлігімен (Ірі көлемді автокөлiк құралдарының салмақтық параметрлерден, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тiркелетiн салмақтық параметрлерден асыра отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүрiп өтуi) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рейдтік шара қорытындысы бойынша 3 автокөлік айыппұл тұрағына қамалды.

Жұртшылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің қатысуымен рейдтік іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі, рейдтік іс-шаралар барысында жұртшылықпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама түсіндіріледі, ақпараттық парақшалар таратылады.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің «1424» Call  орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
79 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
118 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
63 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
299 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»