8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қараша 2020 1014 0
Қоғам

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Жыл сайын қараша  айының үшінші жексенбісінде Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары негізінде бүкіл әлем жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске  алады. Осы орайда «БҚО қауіпсіз жолдары» жобасы Шелл, Еni, EASST компаниялары және облыс әкімдігінің қолдауымен ЖКО-нан қаза тапқандарды еске алу акциясын ұйымдастырып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.  

Еске алу күні британдық «RoadPeace» қайырымдылық ұйымының бастамасымен 1993 жылы алғаш рет өткізілген. Одан кейін 2005 жылы 26 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясы жол-көлік құрбандарының бүкіләлемдік күнін белгілейтін қарар қабылдады. Жол-көлік құрбандарын еске алу күні жол-көлік оқиғаларының қаупіне және жолдарда абай болу қажеттілігіне назар аудару мақсатында бекітілген. Бұл күні жол оқиғаларынан қаза болғандарды еске алумен қатар жол-көлік оқиғаларының салдарымен бетпе-бет келген құтқару қызметтеріне, медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлеріне алғыс айтылады.

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған дерекке сүйенсек, жыл сайын 1,35 млн. адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмады. Көбіне 5-29 жастағылар осындай апаттардың құрбаны болады екен. «БҚО  қауіпсіз жолдары» жобасы халықаралық бастаманы қолдай отырып, жол қозғалысының қатысушыларын жолдағы қауіпсіздікті сақтау және абай болуға шақырады. ЖКО-нан қаза болғандарды еске алып, аман қалғандарға көмектесіп, жолдарда адамдардың өмірін сақтаудың шараларына үлес қосса деген ниеттеміз.  Жүргізушілер көлікті басқару кезінде  қатаң түрде жылдамдық режимін, арақашықтықты, маневр ережесін сақтауы керек. Жаяу жүргіншілер де жүргізушілерге құрметпен қарауы тиіс. Алдымызда қыс келе жатыр. Бұл маусымда қараңғы түсе бастағанда жаяу жүргіншілер жақындап келе жатқан көлікті байқамай қалуы мүмкін, салдарынан біз ойламаған оқыс жағдайлар орын алып жатады. Сол себепті жүргізушілерден жаяу жүргіншілер өтпесіне жақындағанда жылдамдықты азайтуларын, айналаға мұқият зер салуларын сұраймыз, – дейді жобаны жүзеге асырушы «Гаухар жолы» қоғамдық бірлестігінің ассистенті Эленора Бекқазиева.

Акция кезінде  тәртіп сақшылары мен жобаны жүзеге асырушы ұйым өкілдері жүргізуші және жаяу жүргіншілермен сұхбат жасап, жолдағы қауіпсіздікті сақтаудағы жауапкершіліктері туралы сауалнама жүргізді. Оларға жадынамалар, арнайы дайындалған қарындаштар мен жарыққа шағыласатын салпыншақтар берілді.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

 zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
113 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
156 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
450 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
461 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
589 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
887 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
981 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1009 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1220 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1486 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1715 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1752 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1901 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2099 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2321 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»