8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Желтоқсан 2019 1347 0
Қоғам

ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛЫП, КӨШЕЛЕР ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

                Бүгін қалалық әкімдіктің мәжіліс  залында депутат Лилия Хайруллинаның төрайымдық етуімен өткен Орал қалалық мәслихатының  38-кезектен тыс  сессиясында қалалық бюджеттің көлемі     52 879,3 млн.теңгеге нақтыланды. Бұл туралы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенова мәлімдеді. Сессия жұмысына қала әкімі Абат Шыныбеков, құрылымдық бөлімше басшылары мен депутаттар қатысты.

             

Сессияның күн тәртібіне сай баяндама жасаған  қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Мұхитқызы 2019 жылға арналған Орал қаласының бюджетін жалпы сомасы 3 651,8 млн.теңгеге азайту жағына нақтылауды ұсынды. Бөлім басшысының баяндауынша, республикалық бюджеттен – 1 167,5 млн.теңге сомасына азайтылса,  Ұлттық қордың қаражаты – 8,1 млн. теңгеге ұлғаяды. Облыстық трансферттер – 2 636,0 млн.теңгеге азайып, қала бюджетінің кірістері – 143,7 млн.теңгеге көбейеді.

Ұлттық қордан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 8,1 млн.теңге қаражат қарастырылды. Республикалық бюджет бойынша – 165,7 млн.теңге «Ақжайық» шағын ауданын кәріз жүйесінің құрылысы» нысанынан «Солтүстік-Шығыс бөлігін бөлшекті жобалау жоспарына көлбеу жоспарлау, алаңішілік жолдарды салу» нысанына бағытталып отыр. Сондай-ақ Зачаганск кентіндегі №48 және 47 тұрғын үйлердің құрылысына 134,7 млн.теңге қайта бөлінді. Атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 703,2 млн.теңге сомасында және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге 15,2 млн. теңге сомасында трансферттер қарастырылған. Инженерлік желілердің құрылысы бойынша үнемделген 121,4 млн.теңге сомасына және білім беру саласында 437,4 млн.теңге қаражатты қайтару көзделген. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыруға арналған трансферттер 61 млн.теңгеге азайтылды. Облыстық бюджеттен трансферттер есебінен тұрғын үй құрылысына бөлінген қаражат, құрылыстын келесі жылға ауыспалы болуына байланысты  2 630,2 млн.теңгеге азайтылған. Жолдар бойынша «Деркөл ауылындағы ішкі орам құрылысы» нысанынан «Зачаганск кентінің Сарытау шағын ауданын жолдарын қайта жаңарту» нысанына 100 млн.теңге сомасында қаражат қайта бөлінеді. Аула аумақтарын абаттандыру бойынша 21,8 млн.теңге көлемінде үнемделген қаражат қайтарылмақ. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге – 15,9 млн.теңге бөлінген.  Ал қалалық бюджет қаражаты бойынша, мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаражатты басқа ағымдағы шығындарға қайта бөлу жүргізіледі. Мәселен, Зачаганск кентінде жөндеу-өндірістік базаның құрылысына ЖСҚ әзірлеу – 10,6 млн. теңге, жол белгілерін орнатуға – 5 млн.теңге, жол-көпір шаруашылығын ұстауға – 68,4 млн.теңге, білім беру саласының шығындарына – 62,9 млн.теңге, қалалық мәдени және спорттық іс-шараларға – 14,4 млн.теңге, облыстық бюджетке пайдаланылмаған кредиттерді қайтаруға – 143,7 млн.теңге қарастырылмақ.     Аталған өзгерістер есебінен қалалық бюджеттің көлемі  –   52 879,3 млн.теңгені құрап отыр.

Депутаттар аталған бюджеттік өзгерістерді бірауыздан қолдады. Сессияны қорытындылаған шаһар басшысы Абат Абайұлы бүгінгі күннің өзекті мәселесі, қоғам тарапынан жиі көтеріліп жүрген – жол белгілерін орнату, көшелерді жарықтандыру  бойынша қаржы қарастырылғанын атап өтіп: – Алдымызда қаһарлы қыс айлары. Соған байланысты азаматтық қоғамдық бақылау жұмыстарын жүйелі жолға қоюымыз керек. Бөлінген барлық қаражаттар нақты мақсаттағы жұмыстарға бағытталды. Қазіргі таңда 2020 жылға арналған бюджеттің негізгі параметрлері белгілі болды, – деді. Осы орайда депутаттарды бірлесе нәтижелі жұмыстар атқаруға шақырды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
72 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
339 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
598 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
837 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
874 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1027 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1221 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1456 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1541 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1651 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1659 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1689 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1694 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1798 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2019 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2326 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»