8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қараша 2019 1918 0
Өзек

ЖОЛ АПАТЫНАН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ ҚАЗА ТАПТЫ

Атырау-Орал тас жолында болған көлік апатында Ақжайық аудандағы полиция бөлімінің басшысы қаза болды. БҚО полиция департаментінің мамандары  таратқан ақапаратқа сүйенсек, оқиға 2 қараша күні сағат 20.30-да Орал-Атырау жолының 264-шақырымында болған.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 36 жастағы Volkswagen Sharan көлігінің алдыңғы дөңгелегі жарылып, жүргізушісі жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кеткенін айтты. «Фольксваген Шаран» автокөлігі «Мерседес Фура» жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысты. Соның салдарынан «Фольксваген Шаран» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы бәрі де – ер адамдар оқиға орнында көз жұмды. Соның бірі 30 жасар полиция қызметкері, полиция майоры Айболат Нұрлыбеков еді. Ол полиция органдарында 2006 жылдан бері қызмет атқарды. БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Сүйінбаевтың айтуынша, марқұм биыл 29 тамызда Тайпақ полиция бөлімінің бастығы міндетін атқарушы болып тағайындалған  екен.

–  Марқұмның соңында жары, 9 және 3 жасар екі ұлы қалды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігіне («көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану ережесін бұзуы») сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды,– деді Серік Қойсарыұлы.

Марқұмның жаназасы ертең болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
74 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
122 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
161 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»