8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қыркүйек 2019 1279 0
Жалын

ЖОЛ АПАТЫНА ТҮСКЕН КӨЛІКТЕР КӨРСЕТІЛДІ

Батыс Қазақстан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылғы 19 қыркүйек күні республикалық «Абайлаңыз, балалар!» жедел—профилактикалық іс-шарасы аясында мектеп оқушыларына жол-көлік апатынан кейін автокөліктер жеткізілетін арнайы автотұраққа экскурсия ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты – бала-жолаушылардың қатысымен болатын жол-көлік оқиғасының санын төмендетуге ат салысу, апат жағдайларының алдын алу, сондай-ақ, «Жол қозғалысы туралы» Заң нормалары мен автокөлікпен балаларды алып жүру кезінде балаларға арналған сақтану құралдарын міндетті қолдану ережесінің талаптарын түсіндіру.

Экскурсияға қаладағы №42 «Ақниет» мектеп-гимназиясынан 40 оқушы қатысты. Оларды  Орал қаласындағы айып тұрағына алып келді. Бұл жерде жол апатына түскен машиналар мен жол ережесін өрескел бұзған машиналар қойылған. Оқушыларға автұрақтағы апаттан кейінгі көліктердің жай-күйі көрсетілді. Бұл арқылы балаларға апат кезінде көліктердің жан түршігерлік көріністерге ие болатыны жеткізілді.

– Жолдан өткен бала көліктің келіп қалғанын байқамай қалатын кездер жиі болады. Әсіресе, құлаққап киіп, музыка тыңдап жүретін жасөспірімдер қауіпсіздікті естен шығармаса екен. Өткен жылы облыс аумағында 2013 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, биыл тіркелген жол апатының саны 180-ге  жетіп отыр. 2018 жылы облыс аумағы бойынша 71 адам қаза болды,  ал, биыл – 57. Балалардың қатысуымен  41 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, соның ішінде төртеуі қаза болып, 49-ы әр түрлі дене жарақаттарын алған.  Бүгін акция барысында балаларға жол апатына түскен көліктерді көрсетіп,  автотұрақтарға экскурсия ұйымдастыруды жөн көрдік. Мұндағы мақсатымыз – балаларды жол үстінде жол ережелерін дұрыс сақтап, жол үстінде мұқият болуға шақыру, – деді БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Манарбек Нәажиев.

Балаларды ертіп келген мектеп мұғалімінің айтуынша, мұндай іс-шаралар мектеп қабырғасындағы тұрақты сабақтарға қарағанда әлдеқайда тиімді.
– Біз үнемі жол қозғалысы ережелері тақырыбында сабақтар өткізуге тырысамыз. Жасыратыны жоқ, қазір қала көшелерінде көптеген жазатайым оқиғалар орын алып, адамдар қаза болып, көптеген адамдар ауыр жарақат алуда. Сыныптан тыс шаралар, тәрбие сағаттарын және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер өткіземіз. Балалар өз көздерімен көргендерін әлдеқайда жақсы есте сақтайды, сондықтан олар бұл экскурсияны ұмытпайды», – деді №42 мектеп-гимназиясының мұғалімі Назгүл Майматаева.

Жол апаты адамды жасына қарай бөлмейді. Жас адам да, кәрі адам да зардап шегіп жатыр. Осыған байланысты «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан тәртіп сақшылары мектептерге барып тәрбие сағаттарын ұйымдастырып,  түрлі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді, әлі де жалғасын таба бермек.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
115 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
151 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
164 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
176 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
251 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
248 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
254 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
340 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
593 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
784 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
915 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
925 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
1000 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1402 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1420 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1497 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1584 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1791 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1789 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»