8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Маусым 2020 1435 0
Қоғам

ЖОБАДА ЖОҚ ЖОЛМЕН ЖҮРУ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНА ӘКЕЛДІ

10 маусым күні жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен, АМТ, қоғам және БАҚ-пен бірлесіп, Үлкен Шаған-Переметное 32-42 шақырымына мониторинг жүргізді. Бұл аралықта жол жөндеу жұмысын «АСФА»ЖШС мердігерлік  компаниясы жүргізуде.

Жолдың жүру бөлігінің геометриялық параметрлеріне (енін өлшеу, қалыңдығын анықтау және сараптау үшін А/б жабыннан керндерді іріктеу), а/б жабындылардың мониторингі жүргізілді, қиыршық тас сынамалары, сондай-ақ бетон жабындысының жоғарғы қабатының ені жоба талаптарына сәйкестігіне іріктелді.

Іріктелген керндер бойынша сынақтар жүргізілетін болады.

Мониторинг кезінде жолдарды орташа жөндеу уақытында автокөлік құралдарын жүруі қарастырылмағаны анықталды. Жолды жөндеу бір қозғалыс жолағын жабумен жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген объектіде (орташа жөндеу) жолдың екі жағы да жабылып, ал автомобильдердің өтуі үшін айналма жол салынған, ол жүргізушілер үшін айтарлықтай қолайсыздық туғызады. Бұл жол ұзақ жаңбырдан кейін жол жүру үшін жарамсыз болып шықты және лас және балшық жолдың нәтижесінде көз алдымызда жол-көлік оқиғасы болды.

Мамандардың айтуынша,  айналып өту жолдары күрделі жөндеу кезінде ғана көзделеді.

Аталған ескертулер бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК облыстық филиалы тапсырыс берушіге тиісті хат жібереді.

Осы жобаның міндеттерінің бірі қоғам мүшелерімен белсенді азаматтық ұстанымы бар өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
75 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
123 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
162 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
418 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
440 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»