8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 1924 0
Спорт

Жерлестерімізден жүлде күтеміз!

Батысқазақстандық шорт-трекшілердің бағындырған белесі аз емес. Олар 2014 жылы Сочиде өткен қысқы олимпиада ойындарында бақ сынап, бесінші орынға табан тіреді. Қазақстан құрамасында батысқазақстандық спортшылардың да өнер көрсетіп жүргені біз үшін зор мақтаныш. Әрқайсысы Олимпиада чемпионы болуды армандайтын жастар биыл Алматыда өтетін 28-ші дүниежүзілік қысқы универсиада ойындарында өнер көрсетеді. Үлкен дода алдында Астанада жаттығып жүрген қыз-жігіттермен және олардың бапкерімен байланысқа шығып, жерлестерімізге сәттілік тіледік. 

Мәдіғали ҚАРСЫБЕКОВ, шорт-трек бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері: – Қазір қысқы универсиада ойындарына қатысатын шорт-трекшілер Астанадағы Қазақстан құрама командасының базасы орналасқан  «Сарыарқа» спорт кешенінде жаттығуда. Универсиада ойындарына шорт-тректен 4 жігіт, 5 қыз – барлығы  тоғыз спортшы қатысады. Оның төртеуі – Батыс Қазақстаннан, үшеуі – Атыраудан, екеуі – Астана мен Қостанайдан. Бұлар түрлі додаларда өнер көрсетіп жүрген үздіктер. Батысқазақстандық тағы бір спортшымыз – Нұртілек Қажығалиевті де команда сапынан көреміз деген үмітіміз бар. Әзірге ол – резервтегі спортшы. Егер универсиада ойындарына қатысу құқығына ие болса, нұр үстіне нұр. Ұлдар жағы алтыннан алқа тағар деген үмітіміз бар, қыздардан қола медаль күтеміз. Өзім Батыс Қазақстандағы спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында 2002 жылдан бастап шорт-трекшілерді жаттықтырдым. Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев – менің шәкірттерім.

Абзал ӘЖІҒАЛИЕВ, халықаралық дәрежедегі спорт шебері: – Дайындықты бастап кеттік. Жаңа жылдың алдында Оралда жаттықтық. Қазір Алматыдамыз. Осы айдың ортасында Италияға, одан әрі Голландияға дайындалуға барамыз. Себебі, ол жақта үлкен сынға дайындалуға мүмкіндік мол. Голландияға бұған дейін де барғанбыз. Алдағы универсиада ойындарында алтын медальды олжалауға барымызды саламыз. Негізінен бізге Канада, Корея, Қытай елдерінің ойыншылары мықты қарсылас болғалы тұр. Дегенмен, біз де намысты қолдан бермейміз.
Шорт-трекпен айналысқаныма 12 жыл болды. Қазір 24-темін. Туған жерім – Сырым ауданының Жосалы ауылы. Биыл Белоруссияда және Голландияда ұйымдастырылатын әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысамын. Ал 2018 жылы Корея елінде қысқы олимпиада ойындары өтеді. Мақсатым – олимпиада чемпионы болу, сол мақсатыма жету үшін биыл жаздан бастап тыңғылықты дайындаламын.

Айдар БЕКЖАНОВ, халықаралық дәрежедегі спорт шебері: – Оралда ашылған Мұз айдыны мен секілді көптеген жеткіншектердің шорт-трекке қызығушылығын арттырғаны сөзсіз. Солардың бірі ретінде мен де спорттың бұл түрімен 2003 жылдан бері айналысамын. Содан бері жаттықтырушым Мәдіғали Әбдіғалиұлы өз қамқорлығына алып, талай сындарда топ жаруыма себепші болды. Әр жылдарда шет елдерден келген жаттықтырушылардан да дайындалдым. Нәтижесінде бүгінгідей дәрежеге қол жеткіздім. Үлкен жарыстарда бағымды сынап, Қазақстан чемпионы және жүлдегері, Азия чемпионы және жүлдегері атандым. Универсиада ойындарынан кейін де байрақты бәсекелерге қатысу жоспарда бар. Әлем чемпионаттарында және Әлем кубогында медаль алсам деймін. Ең үлкен арманым – келер жылы өтетін қысқы олимпиадаға қатысып, чемпион атану. Өзім Ақтөбе қаласында дүниеге келгенмін. Орал қаласына бала кезімде отбасымызбен көшіп келдік. 11-сыныпты  осындағы спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатынан тәмамдадым.

Нұрберген ЖҰМАҒАЗИЕВ, халықаралық дәрежедегі спорт шебері : – Шорт-трекпен 14 жылдан бері айналысып келемін. Қазір жасым – 26-да. Жаттықтырушым – Мәдіғали Қарсыбеков. Өткен жылы қазақстандық шорт-трекшілер төрт Әлем кубогынан өтіп, екі алтын, бір күміс, бір қоланы жеңіп алды. Атап айтқанда, Абзал Әжіғалиев екеуміз алтыннан алқа тақсақ, қостанайлық Денис Никиша күмісті олжалады. Ал командалық есепте 3-орынға қол жеткіздік. Қысқы универсиададан кейін Белоруссияда және Голландияда өтетін әлемдік жарыста бақ сынаймыз.
Өзім Теректі ауданына қарасты Шағатай елді мекенінде туып-өстім. Оралдағы  спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының түлегімін. Шорт-трекпен айналысатын спортшылардың жасына шектеу қойылмайды. Кейін бапкерлікке бет бұрып, шәкірт тәрбиелесем деген жоспарым бар. Осылайша бұл спорт түрінің елімізде қарқынды дамуына үлес қоссам деймін.

Анита НАГАЙ, ҚР-ның спорт шебері: – Шорт-трекпен 2009 жылдан бастап Мұз айдыны спорт сарайындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтым. Өзім қаладағы №32 орта мектепте, спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатында, Астанадағы Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде оқыдым. Былтыр Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенті атандым.
Қазір жасым – 19-да.  Жаттықтырушым Максим Лозовой мені биік белестерге жетелеп, қысқа уақыттың ішінде зор табыстарға жеткізді. Бірнеше рет Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жүлдегері болдым. Жарыстарда шыңдала жүріп, спорттағы жетістіктерімді еселей түссем деймін. Алдағы универсиада ойындарында жүлделі орыннан көріну үшін барымды салып дайындалудамын. Жерлестеріміздің бізді қолдайтынына сенемін.

Максим ЛОЗОВОЙ, облыстағы жеткіншектер арасындағы шорт-трек бойынша аға жаттықтырушы:– Шорт-трек – конькимен жылдамдыққа жүгіретін спорт түрі. Спорттың бұл түріне қызығушылық танытушы балалар көп. Шорт-трек спортына жеткіншектер 8-10 жастан қабылданады. Алайда кейбіреуі кейін түрлі себептермен жаттығуға келмей қалады. Ал соңына дейін жаттығып, мықты спортшы болуға талпынатын балғындармен үздіксіз жұмыстанамыз. Күні бүгін өңірімізде шорт-трекпен айналысатын 100-ден астам тәрбиеленуші бар.  Шорт-трек бөлімшесі қаладағы төрт бірдей балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ашылды.

           28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада биылғы 29 қаңтардан бастап 8 ақпанға дейін Алматыда өтеді. Ал шорт-трекшілер командасы 3-7 ақпан аралығында өнер көрсетіп, өз бақтарын сынайды. Спортшыларға сәттілік серік болсын!

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
59 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
241 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
282 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
560 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
572 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
698 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1000 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1092 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1119 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1329 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1601 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1826 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1865 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2012 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2211 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»