ЖЕРГІЛІКТІ ЖОЛДАР САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ
Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев облыстық қоғамдық кеңес мүшелері алдында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жасалған жұмыстар жөнінде есеп берді. Облыстық мәслихаттың мәжіліс залында өткен облыстық Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысына облыстық департаменттер мен басқарма басшылары, Орал қалалық және аудандық мәслихат хатшылары, облыста тіркелген саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері қатысты.
– Биылғы 24 қаңтарда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет отырысында БҚО-ның 2019 жылдың қорытындысы бойынша 7 негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өзге өңірлерден алда келе жатқаны атап көрсетілген болатын. Олар құрылыс жұмыстарындағы атқарылған көлем 25,3%-ға, негізгі капиталға құйылған инвестиция 24,5%-ға, тұрғын үйді салып, пайдалануға беруде 12,2%-ға, өңдеу өнеркәсібінде 8,9%-ға, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінде 6,4%-ға, көлік қызметі саласында 5,0%-ға, ішкі саудада (көтерме және бөлшек) 0,4%-ға өсім бар. Жер беру кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында аукциондар электронды түрде жүргізілуде, өткен жылы облыста 71 га. жерді жалға беру бойынша 45 электронды аукцион өткізіліп, бюджетке 100 млн. теңге қаражат түсті. Өткен жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 169,5 млрд. теңгені құрап, өсу қарқыны бойынша республикада бірінші орында. Бұл көрсеткішке қол жеткізу мал шаруашылығы өнімі – 2,6 %, ал өсімдік шаруашылығы 13,5% өсуі арқасында мүмкін болды. Жалпы былтырғы жылы облысымыздың ауыл шаруашылығын дамытуға бюджеттен 15,8 млрд. теңге бөлінді, бұл 2018 жылдан 40%-ға көп. Облысымыз етті бағыттағы ірі қара малы басы бойынша республика бойынша екінші орында. Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі екі есеге артып 16 млрд. теңге құрады. Мысалға, Қазталов және Тасқала аудандарында бордақылау алаңдары іске қосылды. Жол мен көлік 2018 жылы Қазақстанның Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Казталов, Жәнібек және Бөкейордасы аудандарына асфальт-бетонды жабыны бар жол салу тапсырған болатын. Бұл облыстың ең алыс жатқан оңтүстік аудандары. Жаңа жолдардың жалпы ұзындығы 245 шақырымды құрайды, бұған шамамен 55 млрд. теңге бөлінеді. Өткен жылы 18,4 шақырым жөнделді. Жұмыстардың аяқталуы басынан жоспарланғандай, 2021 жылдың аяғына көзделіп отыр. Нәтижесінде облыстың барлық аудандары облыс орталығымен асфальтты жолдармен жалғанатын болады, – деген өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы өңірдің үлкен мәселелерінің бірі – жергілікті жолдар сапасы екенін атап өтті. Өңір басшысының баяндауынша, бұдан басқа, «Самара-Шымкент» республикалық автожолының 150 шақырымы жөндеумен қамтылған. 11,2 млрд. теңгеге 145 шақырым облыстық және аудандық маңызы бар жол жөнделсе, 2,8 млрд. теңгеге 15,4 шақырым ауылішілік жол қалпына келтірілген. Орал қаласында 37 көшедегі автожол жөнделген. Жалпы өңір бойынша былтыр 27,4 млрд. теңгеге 368 шақырым жолдар жөнделіпті. Орал қаласында «Нефтебаза» ауданындағы көпірдің реконструкциясы жасалуда. Кіреберістерін қосқанда көпірдің ұзындығы – бір шақырым жуық. Жобаның жалпы құны – 5,2 млрд. теңге. Сондай-ақ, «Орал» халықаралық әуежайы терминалының құрылысы басталды. Алдағы уақытта бұл мүлдем жаңа терминал болады деп күтілуде. Биыл да бюджеттің 54%-ы, яғни 132 млрд. теңге әлеуметтік салаға бағытталуда. Осы жылы бес мектеп құрылысы басталмақ. Олар Қазталов ауданының Сарықұдық ауылында 60 орындық мектеп, А.Оразбаева атындағы 600 орындық мектеп, Орал қаласында 300 орындық №33 мектеп) және екі жеке мектеп. Елбасының бес әлеуметтік бастамаларын орындауда студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету мақсатында жеке инвесторлар есебінен 2019 жылы медициналық колледждарға екі жатақхана салына бастаса, осы жылы тағы да екі жатақхана құрылысы жүргізілмек. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Орал қаласында 900 орындық концерт залы бар Мәдениет Сарайының құрылысы басталды. Қазіргі таңда өңірдің құнды әдеби-мәдени мұрасын сақтау мақсатында өлкетану әдебиетінің 520 ерекше туындысы цифрлік форматқа көшірілді. Өңіріміздің жаңашылдықтарының бірі – комьюнити-орталықтарының ашылуы. Бүгінгі танда осындай үш орталық Орал қаласында және Жәнібек, Бөкейордасы аудандарында ашылды. Облыс бойынша 50 спорттық алаң пайдалануға берілген.

Бұдан соң жиынның күн тәртібіне сай, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар облыстық мәслихат депутаттарының былтырғы жылы атқарған жұмыстарын саралады. Өткен жылы мәслихаттың 11 сессиясы өтіп, тұрақты комиссиялардың 25 отырысында 110 мәселе қаралған. Есепті кезеңде облыстық мәслихаттың 63 шешімі қабылданыпты. Тұрақты мәслихаттың комиссиялары, оның құрамындағы депутаттардың белсенділіктері жоғары болған. Өткен жылдары облыс депутаттары қала, аудан орталықтарында өз қаражаты есептерінен әлеуметтік нысандар салса, былтыр әр түрлі қайырымдылық айларында көрсетілген көмектен бөлек өз тараптарынан, жыл сайын әр түрлі қайырымдылық акцияларына қатысып, көмекке мұқтаж жандарға тұрақты демеушілік етіп отырды. Мәселен, облыстық мәслихат депутаттары Н.Сәтпаев – 3 млн. 969 мың, А.Амирханян – 2 миллион 500 мың, Л. Тұрсынова – 637 500, Т. Шектебаев – 500 мың, И.Енютин – 500 мың, А.Мерғалиев – 650 мыңның материалдық көмегін көрсетіпті. Жыл бойы депутаттар 250 қоғамдық қабылдау жүргізіп, 698 адамның өтінішін тыңдаған.
Жиында сондай-ақ облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов кеңестің атқарған қызметтері туралы мәлімдеді. Бүгінде қоғамдық кеңестің қайта қалыптасқан құрамында 31 адам бар. Қоғамдық кеңес және оның төралқасы қоғамымызды толғандыратын мәселелерге дер кезінде көңіл бөліп, уақытында отырыстарында талқылап отырған. Есепті кезең ішінде қоғамдық кеңестің жеті кеңейтілген, 17 төралқа отырысы өткен. Қоғамдық кеңес мүшелері 134 қабылдау өткізсе, Орал қалалық және аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің қабылдауында 77 тұрғын болған.
Кеңес мүшелері облыс әкімінің, мәслихат хатшысының және қоғамдық кеңестің төрағасының есептерін оң бағалап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында тиісті қарар қабылданды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу