8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Тамыз 2019 1351 0
Қоғам

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМГЕ – ЖОЛ

Жедел жәрдем көлігі шақырылған жерге 15 минутта жетуі керек. Бірақ көлік кептелісі мен жүргізушілердің жол бермеуі кесірінен алғашқы көмек көрсетушілер жарты сағатқа дейін кешігеді екен. Жедел жәрдем көлігін тізгіндеген жүргізушілер болса, жол ережесін бұзып, қарсы бетпен жүретін кездер жиі болады дейді. Осы орайда  бүгін «Ақжайық адалдық алаңы» жобасы аясында жобалық кеңсе, полиция департаменті, медицина қызметкерлері қала көшелеріне дәрігерлерге жол бермейтін жүргізушілерді анықтау мақсатында рейдке шықты.     

«Жол бер – өміріңді сақта» тақырыбымен өткен рейд барысында жедел жәрдем көлігі қала көшелерін дабыл белгісімен жүріп өтті.   Артында келе жатқан жедел жәрдем көлігін байқамаған, дабылын естімеген жүргізушілер кездеспеді.    

– Соңғы кезде жүргізушілердің жедел жәрдем көлігіне жол бермейтіні жөнінде шағымдар жиі түседі. Науқастың өміріне араша түсуге асыққан дәрігердің әр секунды қымбат. Рейдтің басты мақсаты – өрт сөндіру және жедел жәрдем көлігінің адам өмірі үшін маңызды екенін түсіндіру. Сөйтсе де олар кездейсоқ жағдайларға жиі ұшырайды. Көлік жүргізушілері арнайы мақсаттағы техникалардың діттеген жерге уақытында жетуіне жолдағы қозғалыстың тікелей маңызды екенін түсінулері қажет. Сондықтан мұндай тексеріс шараларының маңызы зор, – дейді «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Әлия Сәлиева.

         Жеті жылдан бері Жедел жәрдемнің 31 бригадасында еңбек етемін. Жалпы еңбек өтілім – 15 жыл. Күніне 15-16 шақыртуға барамыз. Соңғы уақытта жедел жәрдем көлігіне жол бермейтіндер көбейіп кетті. Мысалы, алдымымызда кетіп бара жатқан көліктен жол сұрап, дабыл берсек те байқамаған секілді жол бермей жүре береді. Содан кейін жол ережесін бұзып қарсы бетпен жүруге тура келеді. Жедел жәрдем көлігін көрген кезде адамның өмірін ойлау керек, дейді жедел жәрдем фельдшері Арман Ижанов.

Сақшылардың айтуынша, егер жүргізушілер жедел және арнайы көліктер дыбыс дабылын қосып келе жатқан жағдайда жол қозғалысына кедергі келтірсе, онда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтін болады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
89 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
141 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
306 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
499 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
742 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
820 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
929 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
936 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
959 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
973 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1076 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1296 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1612 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1495 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1604 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1594 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1726 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1770 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1716 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1726 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»