ЖАЗИРА – ҮЗДІК АУДАРМАШЫ
Жақында Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы тіл фестивалі аясында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекетттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, аудармашылардың іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін шыңдау мақсатында мекемелердегі аудармашылардың арасында облыстық «Үздік аудармашы» онлайн байқауын өткізді. Үш кезеңнен тұратын байқаудың барлық шарттарын мүлтіксіз орындап, тағы да Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті суырылып алға шығып, әріптесіміз Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы Жазира Кенжеева бас жүлдеге ие болды.
.
Байқау кезеңдеріндегі берілген мәтіндерді аудару, аудара отырып, оның сапасына, көркемділігіне, мазмұндылығына мән беру – ол біздің қызметтегі ең басты критерийлердің бірі. Бұл орайда Кенжеева Жазира Сағидоллақызының мол тәжірибесінің бар екенін айта кету керек. Ішкі істер органдарының іс-қағаздарын, құжат айналымының қазақ тілінде жүргізу осындай білімді әрі білікті мамандардың еңбегімен біртіндеп келді. Соның нәтижесінде осынша жылдар аралығында департаменттегі өкімдік құжаттар, хаттамалар, анықтамалар, шолулар, нұсқаулар мен мемлекеттік органдар арасындағы хат алмасу екі тілде жүргізіліп бастап, қазіргі уақытта тек мемлекеттік тілде ғана дайындалатын дәрежеге жетті. Бұл дегеніміз – Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тіл саясатын іске асырудың арнайы бағдарламасының тиісті деңгейде, ұтымды жүзеге асырылып жатқандығын көрсетеді.
Байқаудың келесі кезеңдері ілеспе аударма жасау, жаңа терминдерден тест орындауда қатысушылар бір деңгейлес келгенмен де, әріптесіміз бұл жерде де білімді мыңды жығатынын тағы дәлелдеп берді. Қашықтық байқауының қорытындысы бойынша біздің әріптесіміз БҚО ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы Ж. Кенжеева бас жүлде иесі атанды.
Біз осындай мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, туған тілімізді насихаттап, дамыту бойынша тәжірибе алмасуды көздеп, мемлекетттік тілді кеңінен қолдануды қаматамасыз ету мақсатында жыл сайын ауқымды шаралар ұйымдастырып келе жатқан Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бұл игілікті ісін қолдап, алғысымызды білдіреміз. Туған тіліміздің тұғыры бекем, туы әрдайым биікте болғай!
Г.ҚАРАҒОЙШИЕВА, БҚО Полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы

Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу