8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Ақпан 2020 1045 0
Қоғам

ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫ ДАБЫЛ ҚАҚТЫ

       Жақында әлеуметтік желіде «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісінің Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың атына жіберген бейнежолдауы тарап, қоғамда түрлі пікірлер тудырған болатын. Онда жатақханада ешқандай жағдай жоқтығы, әкімшілік қызметкерлері ешқандай көмек бермейтіні туралы айтылып, жатақхананың бүгінгі бейнесі түсірілген.  Бұл мәселе «Nur Otan» партиясы жанындағы отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің назарына іліккен. Дереу бұл мәселені қолға алған партияның облыстық филиалының өкілдері  құзырлы мекемелердің басын қосып, «Шаңырақ» жасөспірімдер үйіне партиялық бақылау жүргізді.

«Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің меңгерушісі Өмірбай Қалымбетовтың  айтуынша,     қазір мұнда 112 жетімдер үйінің түлегі тұрып жатыр. Оның 35-і жұп құрғандар, 15-і жалғызбасты ана, 84-і бала. 35 бала мектепке барса, бесеуі балабақшада. Көпбалалы төрт отбасы бар. 106 адамға арналған 74 бөлменің 50-і бір кісіге лайықталса, 25-і екі орынға арналған. Күні бүгінде бір орындық бөлмеде 3-4 адамнан тұрады. Мұнда жағдай қиын. Ал екі-үш кісілік бөлмелердің санитарлық жағдайы талапқа сай. Ыстық-салқын су келіп тұр. Жуынатын бөлмесі бар. Жатақханада заң шеңберінде тек 23 жасқа дейінгі балалар ғана тұруы тиіс. Бірақ қазір жасы 23-тен асқан 102 адамның мекеніне айналған. Өйткені жергілікті атқарушы орган оларға тиесілі тұрғын үйді уақытылы бере алмай отыр. Барлығы дерлік  баспана кезегінде тұр. Талапқа сай, жыл сайын мемлекеттен  берілетін баспананың 20 пайызы жетім балаларға беріледі. Былтыр дәл осы санаттағы 35 бала баспанаға қол жеткізсе, соның 4-еуі ғана «Шаңырақ» тұрғыны екен.

Жатақхана тұрғыны Бақтыгүл Адаюшкина тоғыз жылдан бері осында тұрады. Бұған дейін облыстық прокуратурада еңбек еткен. Қазір бала күтімі демалысында екен.

–  Баспана кезегінде 2009 жылдан бері тұрамын. Алғашында ағам, інім үшеумізді бір кезекке тіркеді. Кейін, түсініксіз жағдайда бізді бөлді де, әпкеме үй берілді. Бізді 2011 жылдан бастап кері кезекке қойды.  Мұнда жолдасым екеуміз тұрамыз. Ол да балалар үйінің тәрбиеленушісі. Екі баламыз бар. Жатақхана болған соң жағдай жоқ мұнда. Бірақ балаларымыз үшін өз жағдайымызды жасап алдық. Әйтсе де ағаш терезеден ызғырық жел гулеп тұр. Қанша бітесек те, болмай тұр. Қабырғалары жарылған, жыл сайын өзіміз жөндеп аламыз, – дейді.

Ал 36 жасар Рауза Көшалиева 2010 жылдың қарашасынан осында тұрады. Екі баланың анасы. 2011 жылы тұрғын үй кезегіне 983-інші болып тіркелген.  Қазір 640-ыншы болып тұр. Тоғыз жылдан бері «Ақ тілек» бөбекжайында музыка жетекшісі болып еңбек етіп жүр. Раузаның айтуынша, мұнда жарық жиі сөнеді. Су болмай қалады. Жаңбыр жауса төбеден су білінеді.  – Бізде тәртіп сақталмайды. Тазалыққа ешкім мән берген емес. Түні бойы ішімдік ішкендердің шуынан жата алмаймыз. Қиналып кеттік. Төбелес жиі болады. Тіптен, дүкенге керегімізді алып келудің өзі мұң. Өйткені, балаларымыздың қауіпсіздігі үшін алаңдаймыз. Темір есік орнатып алдық,  – дейді ол.

Көршілерінің пікірін  Айнагүл Өтебалиева да растайды.  32 жасар азаматша үй кезегінде 279-шы тізімде.  – Жатақханада тыныштық жоқ. Түнімен ішімдік ішкендер өзгелеріне маза бермейді. Төбелес жиі болады. Темір тордан шыққандар көп. Есігімізді құлыптап, қорқынышпен өмір сүрудеміз, – деген ол баспана берілсе бүгін-ақ көшуге дайын екенін жеткізді.

Бұл мәселені жатақхана меңгерушісі «бес саусақтай» біледі. –  Жатақханада тұратын 17 адам бұрын сотталған болса, 24-і дін жолында жүргендер. Олармен кешенді жұмыстар жасап отырамыз. Мәселе көп. Бес саусақ бірдей емес. Қалада пәтер жалдап жүргеннен осында тұрғандары қолайлы емес пе? Бір тиын шығын жұмсамайды. Коммуналдық төлемдер ақысыз. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 17 миллион теңге қаржы бағытталған. Суы бар, жылуы бар.  Оларды қашанғы Үкімет 30-40 жасқа дейін асырауы тиіс. Кем дегенде әрқайсысы 100 мыңнан жалақы алады. Әрине тағдырлары сан қилы. Өзіміздің балалар болған соң өзектен теппей, көмектесуге тырысамыз. Әрбірінің жағдайын ескереміз, – дейді Өмірбай Рыспайұлы бұл турасында.

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлназ Құлжанованың айтуынша, мұндағы негізгі мәселе баспанаға қол жеткізу. Бұл бағытта мемлекеттік қолдау бар. Мәселен «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің тұрғындары 2015 жылы – 12, 2016 жылы – 12, 2017 жылы – 8, 2018 жылы – 3, 2019 жылы – 3 пәтер алған. Жасөспірімдер үйіндегі тұрғындардың көптігіне байланысты соңғы жылдары бәріне бірдей тұрғын жай беру мүмкіндігі болмай отыр. «Шаңырақты» жекенің меншігіне беру де күн тәртібінде тұр. Бұл күні қаперге алынған мәселелер бойынша партия тарапынан тиісті шаралар қабылданып, нақты жұмыстар жасалмақ.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
76 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
361 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
605 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
639 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
792 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
989 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1225 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1306 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1415 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1420 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1452 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1459 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1564 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1781 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2093 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1977 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2090 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»