8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Маусым 2019 3682 0
Қоғам

ЖАСЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ЖАҚСЫ АҒА

          Ел үшін аянбай қызмет ету басты парыз деп санайтын, ұлт мүддесін ойлаған абзал да ардақты азамат, киелі де қастерлі мекен – Махамбеттей өр ақынның, елді жаудан қорғаған батырдың туған өлкесінің перзенті Лавр Рашидұлы! Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді асқаралы 60 жастың белесіне алып жетіпті.

Сіз, Ауыл шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген соң өз еңбек жолыңызды туған жеріңіз Орда ауданында қарапайым маманнан бастап, кейін Орда, Жаңақала  аудандары әкімі қызметтерін атқардыңыз. Сіздің мәдени мұраға оң ниетіңіз батысқазақстандықтарға жақсы таныс. Бұрынғы Орда ауданын басқарған кезде Жәңгір хан, Дәулеткерей Шығайұлы және Мұхамед-Салық Бабажановтарға кесене тұрғызып ел есінде қалсаңыз, кейін Жаңақала ауданында сіздің бастамаңызбен күйші Мәмен мен Тұяқ Шәмелевке еңселі мазар көтерілді. Аудан орталығында күйшілер аллеясы жасалып, ескерткіштері орнатылды. Тіпті Орал қаласында Дина Нұрпейісова шешеміздің мүсінін қоюға да мұрындық болған өзіңіз. Бүгінде жоғары кәсіби дәрежеңізді, жұмыстағы жауапкершілігіңізді және басшылық қызметтегі қағидашылдығыңызды, саясаттағы төзімділігіңізді ескере отырып, Сізге ұсынылған Ауыл шаруашылығы министрлігінің БҚО аумақтық инспекциясының  басшысы қызметін абыроймен атқарып келесіз.

Қадірменді, Лавр Рашидұлы бұл жасқа өміріңіз қуатты, көңіліңіз шуақты қалпыңызда жеттіңіз! Осындай қарқыныңыздан қалмаңыз, шабысыңыздан танбаңыз. Аяулы асыл жарыңыз Дариға ханыммен бірге ұл-қыздарыңыздың, немере-шөберелеріңіздің қуанышын қызықтап, ұзақ  ғұмыр жасаңыздар. Елге етер еңбегіңіз, келер ұрпаққа берер тәліміңіз алдағы уақытта жалғасын табады деп сенеміз. Кісілік келбетіңізден танбай, несібе-дәулетіңіздің арта беруіне ақ тілегімізді білдіреміз!

Бір топ бөкейордалық жерлестеріңіз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
64 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»